АСА МАҢЫЗДЫ ЕҢБЕК

Станислав КАНКУРОВ, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

–       Елбасының маңызды мақа­ласы біздің еліміз үшін ұлы да жауапты, сындарлы кезеңде өмір сүріп отырғанымызға тағы да бір рет назар аудартады. Әлемдік тарихта Әл-Фараби, Қаш­қари және  Яссауи сынды дара тұлғалардың есімдері ерекше ұлықталады. Біз осы көне құр­лықтағы, көптеген халықтардың өмір сүру салты мен дамуына тікелей әсер еткен шешімдер қабылдаған ұлы далалық­тардың ұрпағымыз. Мұндай көзқарас жас мемлеке­тіміздің саяси және мәдени тұрғыда одан ары дамуы үшін қажетті алғы-шарттарды жан-жақты және терең қарастыруды қажет етеді.

Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев жасаған тарихи қадамдар ұлы бабаларымыз бен Ұлы дала тарихының дәуірі егемен еліміз бен тұтас әлемге қалдырған ізгі істердің, мол мұраның жалға­сы болып табылады.

Еуразияның дәл жүрегінде орналасқан еліміздің ұлан-ғайыр даласы, тау мен тасы, өзені мен көлі бізге оңайшылықпен тиген жоқ. Бұл — бабаларымыздың төгілген қаны мен тері, «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» келген, бүгінде мақтан тұтуға және қорғауға лайықты қастерлі аманат.

Біздің бай мәдени мұраларымыз өз мемлекеті­міздің азаматы мен патриотының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және шыңда­луына тікелей ықпалы тиетіндей болуы тиіс. Жер көлемі жағынан әлемдегі тоғызыншы орын­ды иеленетін алып өлкемізді бабаларымыз шапқыншылықтардан қорғап, өркен­деткенін, көшпелі өркениеттің тамаша жетістіктерін тұтас ғаламға сыйлағанын таразылай отырып, көңі­ліңде мақтаныш сезімі оянумен қатар, зор жауапкершілік құқығы жүктелетінін түйсіне­сің.

Бұл айтылғандарды терең ұғына білу, әсіресе, біздерге, жастарға қажет. Өйткені, соңғы кездері ғаламдық кеңістікте діни-мораль­дық және қоғам­дық-адамгершілік құндылық­тардың әлсіреуі бай­қалады. Жастардың тарихқа деген қызығушылығы төмендеп, өзінің шыққан түп негізін ұмытуға айнала бастады. Осындай сындарлы сәтте халыққа жеткен Елбасының мақаласы дәл уақытында жарық көрген әрі аса маңызды еңбек деп ойлаймыз.

Қазіргі таңда жас жеткіншектердің санасына олар­дың кең-байтақ ата-мекеніміздегі қасиетті жерді, осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралған баға жетпес байлықты қалдырған ержүрек далалықтардың ұрпағы екенін сіңіру өте маңызды. Бұл өте жауапты іс және қазақстандық келер ұрпақ алдындағы баршамыздың ортақ парызымыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *