Арыстанның көзі түнде адамның көзінен төрт есе артық көреді

Алматыға тағы да 500-ден аса автобус сатып алынады.

Көктемде «Тальго» көліктеріне билеттерді 20 пайыз жеңілдікпен алуға болады.

Ақтөбеде дәрігерлерге кезек мобильді қосымша арқылы да жүзеге асады.

ШҚО-да 229 үйді су басқан, оның 189-ы Аягөз шаһарында. Аягөзде 8 отбасына баспана беріледі.

Маңғыстауда Отпандау басында «Бірлік оты» жағылды.

«Қазақконцерт» ұжымы Астананың 20 жылдығына 20 іс-шара өткізеді.

Қызылордада апатты жағдайда тұратын 140 отбасыға пәтер берілді.

Қазақстан мен Тәжікстан арасында 80 келісім мен шарт бар.

Бұдан былай Өзбекстан мен Қазақстан үшін туристерге ортақ виза болады.

Енді Ташкенттен Алматыға аптасына 10 рет, Астанаға 7 рет ұшуға болады.

Елімізде жыл басынан бері құрылысқа 174,9 млрд. теңге жұмсалған.

«Тұмар» телевизиялық байқауына қатысуға 397 өтініш қабылданды.

Антарктида мұзында қамалып қалған бес ғалымды мұз ойғыш құтқарып қалды.

Мысырда әйелінің рұқсатынсыз екінші әйел алған еркектер сотталуы мүмкін

Ақпан айында елімізде қызметкерлердің орташа жалақысы 151 482 мың теңгені құрады.

Ақтау–Дубай жаңа әуе рейсі ашылады.

Петропавлда Наурызда 7 мың бауырсақ таратылады.

Оңтүстік кореялықтардың қатысуымен Алматыда 290 кәсіпорын жұмыс істейді.

Көктемгі Алматы марафонына қатысуға мыңға жуық адам тіркелген.

Алматы қалалық Әділет департаменті өткен жылы 252889 мемлекеттік қызмет түрін көрсеткен.

Алматыдағы индустриялық аймақ 3,2 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, 252 жаңа жұмыс орнын сақтады.

Былтыр елімізде тұмаудан бес адам көз жұмыпты.

Елімізде әрбір сарбаз үшін жылына 1 млн. 600 мың теңге жұмсалады екен

Кезінде Кремльде тұрған Лениннің бір үй жұмысшысы, ал Демьян Бедныйда оның алтауы болыпты.

Еуразиялық Ұлттық университетінде Қазақстан телеарнасының дәрісханасы ашылды.

Бұдан былай «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жыл сайын беріліп, оның қаржылық көлемі де артпақшы.

Орталық Азия елдері басшыларының жұмыс кездесуі келесі жылы наурызда Өзбекстанда өтетін болды.

Елімізде жатақхана салуға 118 млрд. теңге бөлінбекші.

Алматыда арзан көлік алып беремін деп елдің 21 млн. теңгесін қолды еткен алаяқ ұсталды.

Финляндия БҰҰ мәліметі бойынша әлемдегі ең бақытты ел көшін бастап тұр. Оңтүстік Судан, Бурунди, Орталық Африка бақытсыз елдер қатарында.

Арыстанның көзі түнде адамның көзінен төрт есе артық көреді, ақырғанда дауысы 8 шақырымға жетеді.

Жыл басынан бері елімізде әуе көлігімен 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды.

Қазіргі кезде 204 мың студенттің 110 мыңы жатақханада тұрып жатыр екен.

Білім несиесін алғандар қарыздарын әлі қайтарып жатыр.

Түйе сүтінің құрт, қант ауруына, қан аздығына көмегі зор.

Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің шекарасында шешілмеген түйін жоқ, – дейді Н.Назарбаев.

ШҚО-да «Защита» стансасы «Өскемен-1», ал «Лениногорск» – Риддер деп өзгертілді.

Д.Құдайбергеннің фанклубы ашылды.

Астанада Әлішер Науаиға ескерткіш орнатылады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *