АРЫСТАН БАБ

%d0%b0%d1%80%d1%8b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b1%d0%b0%d0%b1

Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

Еліңді тану жеріңді танудан басталады, туған жерді тану – рухани жаңғырудың қазығы. Сондай ұлт рухын асқақтатқан қасиетті орындардың бірі – Арыстан баб кесенесі. Бұл – Арыстан баб бабамыздың кіндік қаны тамған қасиетті топырақ. Ұлттың рухын сақтап, бірлік пен ынтымағымызды бекіте түсетін, рухы өшпейтін, елмен бірге жасай беретін қасиетті жерде болған адамның толқымай қалмайтыны анық.

Арыстан баб – әулие. Есімі Отырар, Сайрам, Ясы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Оған зиярат етушілер бейсенбі сайын басына түнеп, ғибадат етеді. Сопылық ілімнің аса көрнекті өкілдерінің бірі С.Бақырғани: «Бабтардың бабы – Хорасанда, сансыз бабтар Үндістанда, Бабтар бабы – баба Арсылан» деп жырлаған. Қазақ ғұлама­лары да: «Түркістанда түмен баб, сіздерден медет тілей­мін, Сайрамдағы сансыз баб, Отырардағы отыз баб, Ең үлкені Арыстанбаб, сіздер­ден медет тілеймін» деп әулиелерден демеу сұраған.

%d0%b0%d1%80%d1%8b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b1%d0%b0%d0%b1-1

Арыстан баб кесенесі – көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.

Ол – Түркістан халқы­ның арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжыра­хана, азан шақыратын мұ­нара сияқты жеке бөлме­лерден тұрады. Кесененің ең көне бөлігі – қабірхана. Оның едені басқа бөлмелер­мен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі ХІІ ғ. шамасында са­лынған. Мазар ХІV ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі XX ғасырдың ба­сында жергілікті халық­тың қаражатымен күйдіріл­ген кірпіштен ауданы 35×12 м., биіктігі 12 м., бұрынғы Меккеге қараған есігі Түр­кістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталған. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақ­та қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл деп жазу жазылған.

%d0%b0%d1%80%d1%8b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b1%d0%b0%d0%b1-2

Кесене XІІ ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XІV-XV ғасырдың сәулет өнеріне жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVІІІ ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орна­тылған. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құла­тылып, қайта орнатылған. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы киелі жерлердің бірі болып саналады.

Әулиеге кірер есіктің екі жағында екі қабір орна­ласқан. Шырақшылар бұ­лар­ды Лашынбаб пен Қарғабаб дейді.

Мұнда болған адамның бойына патриоттық сезім ұялайды, рухтанып, қуат­танады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *