ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС САУДАДА ДА ӨЗЕКТІ

Көріп, байқап жүрсіздер, соңғы жылдары Алматы қаласы барлық сала бойынша қарыштап дамып келеді. Соның арқасында шаһарымыз күн өткен сайын өсіп, кемелдене түсуде. Сол себепті, мегаполисте өндірілген Жиынтық өңірлік өнім (ЖӨӨ) алдынала болжанған мәлімет бойынша 2017 жылы 11 340,9 млрд. теңгені құраған. Бұл соның алдындағы жылға қарағанда 3,2 пайызға жоғары көрсеткіш екен. Сөйтіп, Алматының ЖӨӨ өндірісіндегі үлесі бүкіл республика бойынша 21,8 пайызды құраған және бұл өзге өңірлерге қарағанда ең жоғары болып саналады.

Құттыбек АЙМАХАН

Бұл ретте ЖӨӨ-ді халықтың жан басына шаққанда шаһарымыз елімізде алдыңғы орындарда тұр. Сондықтан еліміздің әр жеріндегі азаматтарымыз Алматыда рахаттана өмір сүруді қалайды әрі ылғи армандайды. Сол себептен, көптеген шет елдер мен қалалар күн санап күш-қуаты артып, кемелденіп келе жатқан қаламызбен арадағы қарым-қатынасты жандандыруды ойлайды.

 

Заңсыз Өнім қарым-қатынасқа кері әсер етеді

Әрине, еларалық қарым-қатынас­тарда бәрі жақсы деп айта алмаймыз. Онда да кейбір өзіндік қитұрқы әрекет­тер кездесіп жатады. Мысалы, жеке адамдар арасында бірін-бірі алдау қан­ша­лықты көп кездессе, елдер арасында мұндай жағдайлардың оқта-текте орын алып тұратыны жасырын емес.

Мысалы, жақында ҚР Ауылшаруа­шылығы министрлігі Ресейден тауық еті мен тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салды. Әрине, оның басты себебі – бұл елдің Пенза, Самара және Курск облыстарында құс тұмауының белгілері табылған. Өйткені, осы індеттен аталған облыстарда ұзын саны 15 мыңнан астам құс өліпті. Атап өтетіні, бұл облыстарда соңғы рет құс тұмауы 2006 жылы  орын алыпты. Ал қазіргі таңда зерттеу нәти­жесінде аталған өңірлерде құстардан 131 сынама алынып, олардың барлығы да теріс нәтиже берген.

Сондықтан да еліміз аумағына Ресей­дің жоғарыда аталған облыстарынан құстардың барлық түрін, әсіресе, тауық етін,  олардың қауырсындары мен мамығын,  инкубациялық жұмыртқасы мен  тірі құстарды әкелуге тыйым салын­ған. Әрине, бұл салынған тыйымның қанша уақытқа созылары белгісіз. Әзір­ге шектеу шарасы бір жылға созылады деп белгіленіп отыр.

 

Шәйден де қауіп шығып жатыр

Атам қазақтың баяғыда айтатын «Шәй – ішсең көңілің жәй» деген сөзі қазіргі таңда қолданысқа жарамайтын секілді. Өйткені, бүгінде ақшаны бірінші орынға қойған адамдар түрлі қулық-сұмдықтарды пайдалана отырып, шәйдің өзін денсаулыққа өте зор қауіп келтіре­тіндей етіп шығарып жатыр.

Атап айтқанда, жақында ҚР Денсау­лық сақтау министрлігінің Қоғам денсау­лығын қорғау комитеті таратқан хабар бойынша, елімізде жаппай саты­лып жүрген пәкістандық шәй құрамы­нан синтетикалық бояулар мен көгеру белгілері табылған. Бұл ретте аталған хабарламада «Қазақстан тұтыну нары­ғында сатылуы жүзеге асырылып жүрген пәкістандық өндірісте шығарылған шәйден Кедендік одақ қабылдаған «Тамақ өнімдері қауіпсіздігі туралы», «Тамақ өнімдерін таңбалау бөлігі», «Тамақ қоспалары, хош иістендіргіштер мен технологиялық қосалқы құрал­дардың қауіпсіздік талаптары» секілді техрегламент талаптарына сай келмей­тіні анықталды.

Соған орай, қазіргі таңда аталған комитет нарыққа шығып үлгерген қауіпті шәй өнімдерін саудадан алуға және оларды түпкілікті жоюға байла­нысты әрі ол өнімді уақытша респуб­ликаға әкелуге тыйым салу тұрғысында қатал санитарлық шаралар қолдануды бастап кеткен көрінеді.

 

«КӨршінің» тағы бір жымысқы ісі шықты

Қазір көрші «аспан асты елі» аталған Қытай өнімдері қазақстандық  нарықты жаулап бара жатқаны бесенеден белгілі. Өкінішке қарай, олардың басым көпші­лігінің адам денсаулығына қауіпті екендігі де айқындалып жатыр. Одан қалды, күн сайын Қытайда шығарылған өнімдердің қалай жасалатыны туралы да телехабарлар да көбейген үстіне көбейіп отыр.

Соған орай, осы таяуда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер коми­тетінің экономикалық тексеру қызметі Алматы қаласы ІІД-мен бірлесе отырып, көрші Қытайдан заңсыз әкелініп жатқан халық тұтынысындағы контрабандалық тауарларды анықтаған. Бұл ретте әсіресе, ҚХР-нан елімізге автомобиль көлігімен жүйелі тұрғыда көп тауарлар әкелетіні белгілі болған. Ал олардың басым көбі шын мәнінде елімізге енгізілген тауар­лардың декларациялары бойынша баға­лары мен сандары жағынан тапсырыста көрсетілген көрсеткіштермен мүлдем сәйкес келмеген.

Сөйтіп, жақында декларациялан­баған тауарлардың кедендік белгіленген құнынан 1,4 млрд. теңгеге асып кеткені анықталған. Соған орай, Алматы қаласы бойынша МКД-нің экономикалық тексеру қызметі ҚР Қылмыстық істер кодексінің 234-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Содан  кейін оған сәйкес сот-тауарлық сарап­тама тағайындалған. Сондай-ақ, бүгінде осы іске қатысы бар адамдар мен мұндай қылмысы барлар туралы мәліметтің ақ-қарасы анықталып жатыр. Осыған байланысты қажетті тергеу іс-қимыл­дары жүру үстінде.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *