Арулар, асыл жандар

«Алматытелеком» ӨТД ұжымның әйелдер  қауымын көктем мерекесімен құттықтады

Халықаралық әйелдер мерекесі аясында «Алматытелеком» ӨТД-да жемісті еңбегі мен кәсіби шебер­ліктері үшін бірқатар қызметкерлерді «Қазақтелеком» АҚ-ның Құрмет грамота­ларымен марапат­тады.

Байланыс саласындағы көпжылғы, адал және жемісті еңбегін, сонымен қатар, телекоммуникация қызметтерін ұсыну сапасын дамытуға және арттыруға қос­қан елеулі үлестері үшін 11 қыз-келіншек «Қазақтелеком» АҚ Құрмет грамотасына және 61 нәзік жанды  «Алматытелеком» ӨТД Құрмет грамоталарына ие болды. Сонымен қатар, бұл күні филиалдың көпбалалы аналары да назардан тыс қалмады. 35 қызметкерге «Телекомму­никация ұйымы қызметкерлерінің «Байла­ныс» жергілікті кәсіподақ ұйымы» қоғам­дық бірлестік атынан естелік сыйлықтар табыс етті. Мерекелік іс-шараға 500-ден астам қызметкер қатысты.

– Бүгінгі таңда «Алматытелеком» өңірлік телекоммуникация дирекция­сында   1300-ден астам қыз-келіншек қызмет етеді.  Олардың арасында – инже­нерлер, техниктер, байланысшылар және түрлі бағыттағы мамандар да бар. Шаңы­рақтың киесі саналатын әйелдердің барлығы үй шаруасы, бала тәрбиесімен  қатар,  өнді­ріс­тен де қол үзбей, өздерінің ең үздік қасиет­терін көрсете отырып,  қызмет­терін де ойдағыдай  үйлес­тіруде, – деп атап өтті өз сөзінде «Алма­тытелеком» ӨТД Бас директоры Шерхан Раздықов. Ол кәсіп­орындағы барлық еразаматтар атынан әйелдер қауымын көктемнің алғашқы шұғылалы мерекесі­мен құттық­тап, зор денсаулық, береке-бірлік пен көздеген мақсаттарға  жете берулерін тіледі.

Салтанатты іс-шара соңында филиал­дың Алматы, Талдықорған қалалары мен Алматы облысындағы  қызметкерлері арасында көңілді КВН сайысы өткізілді. Бұл тартысты бәсекеге 2 команда, Алма­ты қаласынан  «Формат 7G» және Талды­қорған қаласынан «Гүлдәурен» команда­лары қатысты. Жалпы, конкурс  екі кезең­нен тұрды: 1-кезең — Талдықорған қаласында өтсе,  2-кезең – ақтық бәсеке Алматы қаласында өткізілді.

Конкурс барысында екі команда да тамаша ойын көрсетті, сондықтан жарыс нәтижесі бойынша екі команда да теңдей жинаған ұпай саны есебінен екеуі де жеңімпаз атанып, осы салтанатты жиынға жиналған әйелдер қауымына мерекелік тамаша көңіл-күй сыйлады.

Жалпы, мұндай мерекелік іс-шаралар  филиалда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді, әйтсе де кәсіпорын ұжымының барша нәзік жанды арулары, қыз-келіншектері көктемнің осынау шуақты мерекесін ерекше ықылас, көңіл-күймен асыға күтері анық.

 

Аймерек САЙЛАУ,

қоғаммен байланыс қызметі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *