Қарттары белсенді аудан

Алатау ауданы Ардагерлер кеңесінің кезекті пленумы өтті 

Алқалы жиынды  аудандық  Ардагерлер  кеңесінің  төр­ағасы  Қ.Н.Қабдолдин ашты. Пленумның  жұмысына  аудан  әкімінің  орынбасары  Саят Ағыбаев, әкімдік  аппаратының  жауапты  қызметкерлері, жергілікті  өзін-өзі  басқару коми­тетінің  төрағалары,  мектеп  директорларының  тәрбие  ісі жөніндегі  орынбасарлары қатысты.

 

Басқосуда сөз алған пленум және  президиум  мүшесі  Сағымбек Әшір­беков тәрбиенің  негізі  отбасынан  басталып,  мектеп  қабырғасында  беки түсетінін тілге тиек етті. Сондай-ақ, аудан көлемінде жасөспі­рімдерге патриоттық  тәрбие  беруде мектеп әкімшілігі мен Ардагерлер ұйымы­ның өзара бірлесе атқарған жұмыс­тарына кеңінен тоқталды. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деп түсінетін қазақ үшін ардагерлер кеңесінің жас ұрпақты тәрбие­леуде орны ерекше екенін айтқан С.Әшір­беков тәрбиелік жұмыстардың   аудандағы  №154, №149, №152, №41, №178, №169, №182  мектептерде тиісті деңгейде жүргізілетінін баян­дады.

Ардагерлер кеңесінің халық тәрбиесінде, оның ішінде жас ұрпақ­тың тәрбиесінде алар орны ерекше екенін кеңес мүшелері  Ә.Сол­танбеков пен М.Жапақ­ұлы да растады. Жиында №152, №154 мектеп директорларының тәрбие ісі  жөнін­дегі  орынба­сарлары А.Жақы­пова мен М.Мұ­сабекова тәлім-тәр­биенің қайнар көзі қария­ларда екенін және сол кісілердің мол тәжірибесін жас­тарға тәлім-тәрбие беруде пайда­лану керектігін мәлімдеді.

Жас ұрпақ ардагерлердің әңгі­месін, ақылын тыңдап, тәжірибесін үйренгісі келсе, алдымен осы ұйым­мен жақын­дасуы керектігін айтқан аудан  әкімінің  орынбасары  Саят Ағыбаев мектептегі  патриоттық  тәрбие  беруді жақсартудың  мүм­кіндіктеріне  тоқ­талды. Сонымен қатар, Қ.Н.Қаб­долдин  басшылық етіп отырған аудан­дық Ардагерлер  ұйы­мы­ның  жұмысына және оның басшы­сына ризашылығын білдірді. Расымен, бұл белсенді қарияла­рымыз Елбасының Жолдау, Үндеулерінен бастап, барлық билік өкілдері, қоғам­дағы жақсы-жаман оқиғалардың қай-қайсысына болмасын алғашқы болып пікір білдіріп, жастарға дұрыс жол сілтеп, ақылдың кені болып отырған жәйі бар.

– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақа­ласында айтыл­ған ойлар­дың іске асуына еліміздің әрбір тұрғыны атсалысу керек. Біз ХХІ ғасырда алдыңғы қатарлы озық елдердің қатарына қосылу үшін ұлттық құнды­лықтарымыздың асыл­дарын теріп, жас ұрпақтың бойына сіңуіне еңбек ет­кеніміз жөн. Қазіргі таңда аға ұр­пақтың алдында тұрған басты міндет осы, – деді Қ.Н.Қабдолдин.

 

Мәли ЖАПАҚҰЛЫ,

«Алғабас-6» ықшамауданы

 ардагерлері бастауыш ұйымының  төрағасы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *