Қартаюға жол жоқ

3418Алматы қаласында ҚазМҮББУ базасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген гериатр-дәрігерлер, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер, терапевтер қарт адамдарға медици­налық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәсе­лелерін талқылады. Шеберлік сыныбы барысында олар әлем­дегі геронтологиялық қызметтің қазіргі заманғы жағдайымен танысып, елімізде оны ұйым­дастырудың өзекті мәсе­лелерін белгіледі.

«Ресей Федералды медико-биологиялық агенттігі Біліктілікті арттыру институты» (Мәскеу қ.) қосымша кәсіптік білім беретін Федералды мемлекеттік білім беру мекемесі Терапия, гериатрия және жасқа қарсы медицина кафедрасының профессоры, «Геронтология» меди­циналық ғылыми-зерттеу орталығы» АҰБ директоры (Мәскеу қ.), Бело­русь Республикасы геронтологиялық қоғамдық бірлестігінің вице-төрағасы, Полоцкий мемлекеттік университе­тінің шет елге шығуға рұқсат берілген профессоры (Беларусь Республи­касы), Масарика университетінің (Брно, Чех Республикасы) профес­соры, м.ғ.д. Кирилл Иванович Про­щаев әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісті. Шеберлік сыныбы барысында  лектор қазақстандық мамандарға қарт 3417адамдардағы созылмалы аурулардың диагностикасы мен емін ұйымдастыру, олардың жалпы күтімі бойынша кәсіптік қызметтің барлық түрлері туралы айтты. Сонымен қатар, оқу барысында мамандар науқастың туыстарымен және отбасымен жұмыс істеу дағдыларын игерді. Медицина мамандары айтқандай,  геронтология және гериатрияның мәні  егде жастағы топ емделу­шіле­ріне медициналық және әлеуметтік көмекті ұйымдастырудың барлық сатылары мен кезеңдерінде кәсіптік қызметтің тұрақты стереотипін құрумен негізделеді.  Сондай-ақ, мамандардың пікірінше, ҚР герон­тологиялық қызметті ұйымдастыру мәселесі қалыптасудың күрделі кезеңінде тұр әрі ол халықаралық тәжірибені тартуды талап етеді. ҚазМҮББУ, денсаулық сақтау сала­сындағы үздіксіз білімнің үйлес­тірушісі ретінде оқыту шарасын өткізуге бастамашы болып отырға­нының түпкі мақсаты да сол – тәжірибе бөлісіп, жаңа саладағы жетістіктерді игеру.

Бұл шеберлік сыныбы ҚР герон­тологиялық қызметінің дамуына септігін тигізеді деп күтілуде. Белгілі болғандай, Қазақстан өмір жасы ұзақтығының орташа көрсеткіші бойынша әлем елдерінінің алдыңғы қатарында келеді. Ал 2015 жылы халықтың өмір жасының ұзақтығын 72 жасқа дейін арттыру жоспар­ланған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *