ҚАРЛЫҒАШЫНА ДЕЙІН ҚАМҚОР

Бір үзiк ой

 

Қали СӘРСЕНБАЙ

Алматы шаһарының әкімі Бақытжан Сағынтаев таяуда Түрксіб ауданына барды. Полицияның қызметін қатты сынға алды. Сұмдық жағдайларды көзі көрді. Полиция өкілі бұл мәселелердің көп жылдардан бері өзекті болып келе жатқанын айтты.

«Көп жылдардан бері ме? Сіз көптен бері істейсіз бе? Онда сіздер түк шешпейсіздер. Осыған үйреніп кеткенсіздер», – деді әкім.

Енді мынаны қараңызшы.

Осыдан 25 жыл бұрын Жапонияда болдым. Әуежайда темекіге шыдай алмай әжетханаға түстім. Тәуекелге салып тарта бастадым. Қайдан келгенін желке тұсымда полицай тұр. Милицияға үрке қарайтын елдің өкіліміз ғой. Жоқ әлгі жымиған күйі қалтасынан күлсалғышқа ұқсайтын бірдеңе алды да, темекіні салып алып кетті.

Таяуда мынадай хабар оқыдым. Сол жапон полицайы әлі өзгермепті. Сол қалпы.

Жапонның Мацуяма шаһарындағы Lawson дүкенінің қызметкеріне полицай келіп дүкен атауындағы бастапқы әріптің жарығын өшіртіп тастайды.

Не үшін деңізші? Қарлығаштың балапандарының көзіне жарық түспей, ұйқысы бұзылмас үшін.

Мұнымен қоймай, полицай қарлығаштың балапандары ұядан құлап кетпес үшін картоннан арнайы ұяшық жасайды. Ұядан құлап кеткен жағдайда біреу-міреу басып кетпесін деп төңірекке арнайы ескерту белгілерін қойып тастайды.

Біздің полицейлер не істеп жүр? Бәріне топырақ шашпаймыз. Ішінде бірен-сараңы бар шығар. Бірақ осындай деңгейге қашан жетер екенбіз? Біздің адамдар полицайды «дұшпан» емес, дос деп қабылдайтын жағдай қашан туар екен?! Әлде олардың өмірі көшеде кісі қуалаумен өте бере ме?

Біздің «Қалқаманға» қайсыбір жылдары қарлығаш көп келіп еді. Қазір көрінбей кетті. Кейде сол қар­лығаштар Жапонияда жүрген жоқ па екен деп те ойлаймын.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *