«Арландар» басымдығын байқатты!

486«Астана арландары» WSB жарысының ширек финалын жеңіспен бас­тады. Жігіттер Алма­нияның «Team Germany» боксшыларын олардың шаршы алаңында-ақ 3:2 есебімен жеңді.

Дәлірек айтқанда, Мейірболат Тоитов (56 келі салмақ дәрежесі) Майкл Конланнан, ал Асхат Уәлиханов (64 келі) Артем Харутюняннан жеңілді. Бірақ, Теміртас Жүсіпов (49 келі) Овидиа Бер­цандтан, Сергей Деревян­ченко (75 келі) Деннис Роберт Радованнан, ал Василий Левит (91 келі) Артур Маннан басым түсті.

Қарымта матч 5 сәуір­де Алматыда өтеді.

Әзірлеген — С.ӘБДІҒАППАРҰЛЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *