Қарияларға қуаныш сыйлады

 

Алматы теміржол көлігі колледжіндегі «Мейірім» көмек клубының студенттері «Мейірім» мүмкіндігі шектеулі қарттар күтіміне арналған пансионаттың 10 жылдығына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Қарттарға тамаша көңіл-күй сыйлаған студенттердің өнері жиналған қауымды тәнті етті. Әсем әнмен әрленген ізгі шарада «Ақ наз» би тобының бишілері мың бұралған билерімен, әнші қыздар мен жігіттер әдемі әндерімен қариялардың ыстық ықыласына бөленді. Аталған оқу ордасының студенттері Қанали Әбілқайыр мен Бейсембек Талшынның өнер тапқыштығы, Әлия Алмасқызының жалынды жырлары қарияларға ерекше шаттық сыйлады. Мерекелік кеш соңында «Мейірім» пансионатының директоры Шолпан Дәкібайқызы колледж директоры А.Калиев пен директордың ІТ жөніндегі орынбасары М.Көкеноваға, сондай-ақ өнерімен қарияларды қуантқан студент­терге алғыс білдірді. Колледж студенттері «Жан жылуы» сезілген пансионат қызмет­керлеріне өздері отырғызған гүлдерін ұсынды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close