Архив және қоғам

Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде «Архив және қоғам» іс-шаралар циклінің аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының директоры Б.Жұмағұлов,  ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор М.Қойгелдиев және Архив басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Кездесу экскурсиядан басталды. Қо­нақ­тардың назарына Архив қорындағы Тәуелсіз Қазақстан кезеңінің маңызды құжаттары бойынша дайындалған «Тәуел­сіздік дәуірі» тарихи-құжаттық көрмесі ұсынылды. Көрме Елбасы Н.Ә.Назар­баевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының негізінде дайындалған. Сонымен қатар, университет басшы­лығына бірегей тарихи құжаттар сақта­латын архив қоймалары көрсетілді. Архивтің зертханалық кор­пусында архив құжаттарын цифрлау және сақтан­дыру қорының микрофишаларын жасайтын станциялар, баспа кешені, Архивке мемлекеттік сақтауға түсетін құ­жаттарды алдын-ала өңдейтін жаб­дық­тар­дың жұмыстары таныстырылды.

Кездесу барысында ҚР Президен­тінің Архиві мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің арасын­дағы Ынтымақтастық туралы меморан­думға қол қойылды. Универ­ситеттің архивіне 1930 жылдардағы Абай атын­дағы ҚазҰПУ тарихына қатысты бірегей ар­хивтік құжаттар және Архив дайын­даған, Қазақстанның барлық ЖОО-сында бакалаврларды дайындауда ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оқу­лық» респуб­ликалық ғылыми-тәжіри­белік орталығымен ұсынылған, «История Казахстана. Доку­менты и материалы (1917-2012)» хрестома­тиясы берілді.

 

Мұхаммед ЖЫЛГЕЛДИНОВ,

Қазақстан Республикасы

Президенті Архиві

директорының көмекшісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *