Ардагерлермен кездесті

Серік ЖҰМАБАЙ

 

Алмалы ауданында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 73 жылдығына орай соғыс ардагерлерінің құрме­тіне арналған мерекелік іс-шаралар кеңінен ұйымдастырып, ардагер­лермен кездесулер жүргізілді.

Осыған байланысты, ауданның денсаулық сақтау мекемелерінде ашық есік күндері өткізілді. Жоспар бойынша ҰОС ардагерле­ріне және қарт адамдарға кешенді медициналық тексеру мен стома­тологиялық көмектер көрсетілді.

Ауданның барлық мектептерінде салтанатты шаралар, сыныптық сағаттар, «Шын жүректен» тақырыптық кештер өткізілді. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен жалғыз басты қарттарға үйде көмек көрсетуге бағытталған «Тимуршылар қозғалысы» белсенді жүргізілді.

Бүгінгі таңда Алмалы ауданында 77 Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектері,  3 соғыста қаза тапқан ардагерлердің жесірлері, 17 адам Ленинград блокадасына қатыс­қандар, 14 неміс концла­герінде тұтқында болғандар және 3177 тыл еңбеккерлері тұрады.

Сонымен қатар, зейнеткерлік жастағы азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру мен қарт адамдарға қамқорлық көрсету мақсатында, № 4 кітапхананың іргесінде ардагерлер мен қарт­тарға арналған компьютерлік курстар және А.П.Чехов атын­дағы орталық кітапханасының іргесінде шахмат клубы  ашыл­ды.

Осы орайда «Риксос» қонақ­үйінде Алмалы ауданы әкімінің мерекелік қабылдауы өткізілді. Оған аудан ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен дербес зейнеткерлері шақыры­лды.

Іс-шараның мақсаты: «Ардагерлерді ардақтайық» — «С заботой о старшем поколении» — жобасын іске асыру мақса­тында және ардагерлер мен зейнеткерлерге қам­қорлық көрсетуге және қарттардың құқықтарын қорғауға, қоғамдағы орнын дәріптеуді насихаттауға бағытталған.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *