АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

«Нұр Отан»  партиясының Алатау аудандық  филиалы  мегаполистегі  қоғам мен әлеумет өміріне етене араласып отырған белсенді ұйымдардың бірі. Аудандық филиал  төрағасының бірінші орынбасары Мұханғали Алмасаевтың басшылығымен филиал қызметкерлері  аудандағы барлық іс-шаралардың басы-қасында жүреді.

Алатау ауданының әкімі, «Нұр Отан»  партиясы филиалының төр­ағасы  Ш.Рыспаев, ауданнан сайлан­­ған мәслихат депу­таттары З.Касанов, Н.Ния­зова, Қ.Сәрсенбай, Ф.Мер­хамитқызы  тұрақты түрде қоғамдық қабылдау өткізіп тұрады.

Нұрлан СҮЙІН

 Алатау ауданының 10 жылды­ғына орай, «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ұйымдастыр­уымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Л.Б.Гон­чаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы­ның белсенді жастары аудандағы Ұлы Отан соғысы арда­герлерінің үйлеріне барып, қарттардың қал-жағдайын сұрап қайтты.

Іс-шараның негізгі мақсаты –қарттарымыздың әлеуметтік-тұр­мыс­тық жағдайын зерттеу, белгілі бір қажеттіліктері болса, әлеуметтік карталарын толықтыру арқылы соның шешілуіне жағдай жасау, қарттарға деген құрметті арттыру, оларды үнемі назарда ұстау.

Шара барысында «Жас Отан» ЖҚ-ның белсенділері қарттардың үйлеріне барып,  аула­ларын таза­лап, үй ішін жинауға көмек қол­дарын созды. Кездесу соңында қарттары­мыз филиал қызметкерлері мен жастарымызға  көрсеткен қам­қорлықтары үшін алғыс біл­діріп, батасын берді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *