Ардагерлерді ардақтайық

Әуезов ауданындағы №158 мектепте қарттар жылына  орай   «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Қарт­тарым асыл қазынам» атты  мерекелік іс-шара өткізілді.

Алматы қаласының әкімі Б.Байбек  қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақ­сарту мақсатында 2018 жылды «Қарттар жылы»  деп жариялады. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапы­нан қамқорлық жасауда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Саналы ғұмырла­рын Отан деп, тыным­сыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың  өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Осыған орай,  №158 жалпы білім беретін  мектептің «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымында, қарттар жылына  орай  партияның  «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында өткен мерекелік іс-шараға партия мүшелері, мектеп оқушылары, ата-аналар қатысты. Сонымен қатар, мек­те­бімізде ұзақ жылдардан бері жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп келе жатқан ардагер ұстаздар: Д.Торғауытов, А.Ма­мырова, В.Фадеева, В.Киселеева, Б.Шаблина, Л.Иванченко, С.Болысбаева, Ф.Байжанова, Г.Дауленова, мектептің ардагер медбикесі  Л.Шукратова,  тағы да осы мектепте ұзақ жылдар вахтер болып жұмыс жасап келген Л.Новожилова, В.Ры­сева арнайы шақырылды. Кешке жиналған мектеп оқушылары ардагер ұстаздардың еңбек жолымен танысып, еңбек жолындағы қызықты да қиын оқиғаларымен бөлісті. Мерекелік іс-шарада мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары Н.Кушеков құттықтау сөз сөйлеп, БПҰ-ның төрайымы Ж.Ысқақова «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаровтың Алғыс хатта­рын табыстап, естелікке сыйлықтар мен гүл шоқтары ұсынылды.

 

Жадыра ЫСҚАҚОВА,

«Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымының төрайымы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *