АРДАГЕРЛЕР ҚОНАҚҚА КЕЛДІ

№181 бөбекжай-балабақшасында  Ауған соғыс  ардагерлерінің  қатысуымен «Мен болашақ Отан  қорғаушымын» атты іс-шара ұйымдастырылды.   Балаларға  патриоттық  тәрбие  беру  мақсатында   мерекеге Ауған соғысының   ардагерлері  қатысып,   өз өмір  жолда­рын айтып берді. Қонақтар Ауған соғысына қатысып,  әскери  тап­сырмалар  орындағандарын  айтып  берді.  Қаншама  отандастарымыз  Ауған соғысында қаза тапты. Сол кісілерді бір минут еске  алдық.  Балалардың  суреттерінен көрме ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шарада ересек «Көгершін» тобының балалары тақпақ­тар оқып, ән салып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Арда­герлер  мерекені  тамашалап,  балаларға  ризашылықтарын  білдірді.  Осы  мере­келік іс-шараны музыка жетекшісі  Д.Смаилова және  «Көгер­шін» ересектер  тобы ұйымдастырды.

Ж.БЕРІКОВА,

№181 бөбежай-балабақшасының тәрбиешісі.

 

Мектептердегі дінтану пәнінің тәрбиелік рӨлі

ҚР Білім және ғылым минис­трлігінің 2011 жылғы №511 бұй­рығына сәйкес, мектеп оқушы­ларының  діни сауатын қалып­тас­тыру мақсатында Ғарифолла Есім мырзаның авторлық ұжымымен жазылған «Дінтану негіздері» пәнінен сабақ жүр­гізіледі.

Пәннің танымдық мәні ауқым­ды  дегенмен,  оның тәр­биелік мәніне және оқушы­лардың  дұрыс қабылдауына да мән беру қажет­тілік етеді. Мектеп оқушылары пәнді оқу барысында, ең алдымен, «дін» сөзінің анықтамасы мен шығу тарихын  діндердің сенімдеріне байланысты бөлінуін, одан әрі теріс ағымдағы деструктивті сенімдерді, қоғамдағы діни ахуал мен олардың мемле­кетіміздің жарқын болашағына деген қатері жайлы кең ауқымды мағлұмат алады. Сондай-ақ, ежелгі  Рим, Грек, Христиан, Ислам, Буд­дизм, даосизм, конфуцийшілдік, иудаизм сияқты көркем әлемдік және дәстүрлі діндердің ілімдерін меңгеру арқылы көптеген адами құндылықтарға тәрбиелене отырып теріс радикалды, дес­труктивті ағым­дарды тануды үйренеді. Прези­дентіміз  Н.Ә.На­зар­баев «Бола­шаққа бағдар:  руха­ни жаң­ғыру» атты бағ­дар­ла­малық  мақала­сында «мен жас­тар­ға сенемін» деп болашақ жаста­рымызға деген сенімін білдір­ген болатын. Сондықтан ел бола­шағы жастардың  ұстанымы берік  бо­лып, өз елінің патриоты болып қалыптасуы  үшін  мек­тепте бері­летін  білімнің маңызы зор. Сол білімнің қатарына дін­тану пәнінің енгізілуі жасөспірім жаста­ры­мыз­дың түрлі діндер мен теріс ағым­дардың алдап-ар­бауы­нан, кері жолға түсіп, адасуынан сақтайтын басты бағдар болаты­ны анық.

Ж.ЖАҚСЫЛЫҚ,  Ж.ҚАЛДЫБАЕВА,

ҚазҰУ Дінтану мамандығының  4-курс  студенті.

К.Борбасова,

ғылыми  жетекшісі.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *