Ардагерлер ойсырай ұтылды

Биыл «Қайрат» футбол клубы өзінің 60 жылдық мерейтойын тойлауда. Жақында осы шара аясында Алматыда «Қайраттың» ардагерлері мен Әлемнің ардагерлер құрамасы жолдастық кездесу өткізді.

Ойын 5:1 есебімен аяқталды. Әрине, кімнің жеңгені белгілі. Құрамында Паоло Мальдини, Хавьер Дзанетти, Луиш Фигу, Андрей Шевченко, Кларенс Зеедорф, Ривалдо, Алессандро Неста, Эдгар Давидс , Фабио Канноваро, Алессандро Костакурта, Юри Джоркаефф, Звонимир Бобан, Патрик Бергер, Дуайт Йорк, Кристиан Вьери секілді саңлақтар бар қонақтар өте күшті ойнады. Төрт голды украиналық ардагер, «Алтын доптың» 2004 жылғы иегері Андрей Шевченко соқса, бір голды итальяндық Кристиан Вьери енгізді. Ал алматылық команданың жалғыз добын Игорь Авдеев салды.

Өкінішке қарай, жанкүйер қауым стадионға өте аз келді. Себебі, билет құнының қымбаттығында сияқты. Мәселен, «Жұлдыздар матчына» сатылған ең арзан билеттің өзі 3 мың теңге болды. Қымбат билеттер (Батыс трибунадағы жақсы орындар ) 7-10 мың арасында сатылып жатты. Ұйымдастырушылар «шетелдік танымал ардагерлерді шақырсақ, жұрт ақшасына қарамастан билетті талап әкетер» деп сенген тәрізді. Шын мәнінде олай болмады.

Әзірлеген – С.ӘБДІҒАППАРҰЛЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *