Ардагерлер ән салды, ел-жұрт тамсанды

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына және Алмалы ауданының 75 жылдық мерейтойына орай, Алмалы ауданы әкiмшiлiгiнiң, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты Құсман Шалабаевтың, сондай-ақ Алмалы ауданының ардагерлер кеңесiнiң ұйымдастыруымен тұңғыш рет қарт адамдар арасындағы «Ата-әжелердiң ән-шашуы» атты байқау болып өттi. Байқауға зейнет жасындағы үмiткерлер қатысты. Қатысушылар өнердiң сан-алуан түрiн көрсеттi. Әдiлқазылар құрамында белгiлi жазушылар, қоғам қайраткерлерi, айтыскер ақындар мен жас өнерпаздар болды. Кештi Алмалы ауданының 83 жастағы қариясы Гүлжамал әже Құрманәлиева шашумен ашты. Алмалы аудандық ардагерлер кеңесi төрағасының орынбасары Жақсылық Әмiржанов аудан ардагерлерiнiң атынан зор алғыс айта отырып, осындай игi iстердiң бастамашысы боп жүрген Құсман Шалабаевтың ерен еңбектерiн де атап өттi. Халықаралық Қарттар күнi аясында ауданның 120-дан астам қариясына мерекелiк дастарқан жайып, сыйлықтар табыс еттi. Мектеп оқушыларының қатысуымен концерт ұйымдастырып, қариялардың мерекенi шынайы сезiнуiне мүмкiндiк жасады. Сондай-ақ, Құсман Шалабаев мерекелерде ғана емес, қайырымдылық шараларын үнемi ұйымдастыруымен тек қариялар жүрегiнен бөлек, аудан тұрғындарының да ыстық ықыласына бөленген жан екендiгiн атап өттi.

Сондай-ақ, кеште Алматы қаласының зағиптар қоғамының «Атамұра» қазақ халық ансамблi өнер көрсеттi. Байқауда зейнет жасындағы қариялар әр түрлi өнер түрi бойынша бақ сынасты.

Қатысушыларды байқаудың бас ұйымдастырушысы – Құсман Шалабаев, Мемлекеттiк тiлге құрмет бiрлестiгiнiң төрайымы – Асылы Осман, ақсақал атамыз Ажмұрат Жармұханов, Алмалы ауданы ардагерлер кеңесi төрағасының орынбасары Жақсылық Әмiржанов марапаттады. Барлық қатысушыларға аудан әкiмi М. Пiрiнбековтiң Алғыс хаты мен бас ұйымдастырушы – Құсман Шалабаевтың атынан бағалы сыйлықтар табыс етiлдi.

Мәслихат депутаты Құсман Кәрiмұлы Алматы қаласы бойынша аталған байқау тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқанын жеткiздi. «Мақсат – тек қана жас таланттарымызды емес, сондай-ақ ел арасында танылып жүрген дарынды, талантты қарияларды анықтау. Қариялар айлығы аясында өткiзiлiп жатқан бұл шара осындай жобалардың өмiрге келуiне мұрындық болуда. Қазiргi кезде ел iшiнде әр түрлi зейнет жасындағы қариялардың өздерiнше топ, ұйым құрып, жеке танылып жүргендiгi баршаға мәлiм. Сондықтан, осындай өнерпаз қазыналы қарияларымыздың басын қосып байқау ұйымдастыруды жөн көрдiк және елiмiздiң сарқылмас кенi, қазыналы байлығы қарттар әрдайым жадымызда, оларға қашанда көмек қолын созуға әзiрмiз», – дедi Құсман Кәрiмұлы.

Азия БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *