АРДАГЕРЛЕР ҚАТАРДАН ҚАЛМАЙДЫ

Аудандық Ардагерлер ұйымы президиум мәжілісін өткізді

1 қазанда қалыптасқан дәстүр бойынша  Халықаралық Ардагерлер күні аталып өтеді. Осыған орай Алатау аудандық Ақсақалдар кеңесі мәжіліс өткізді. Жиынды Ардагерлер ұйымының төрағасы Құдайберген Қабдолдин ашып жүргізді. Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев және аудандағы  «Өзін-өзі  басқару комитеті» (КМС) төрағалары қатысты.

Басқосу барысындағы  күн тәртібінде талқыланған өзекті тақырып «Қарттар айлығы» болды.

Бүгінгі таңда Алатау ауданында 17266 зей­неткер, оның ішінде 9 Ұлы Отан соғысының ардагері, 598 тыл еңбеккері, 2185 мүгедек тұрады.  Биыл «Қарттар айлығына»  жоспарланған іс-шара қыр­күйек айынан басталып, қазан айымен жалғасады. «Алғабас» ықшамауданындағы стадионда жеңіл атлетикадан сайыс өтпек. Ардагерлер спартакиадасы шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, тағы да басқа ойын түрлері сайыстарымен жалғасады.

Жиналғандар  Ұлы Жеңістің 75 жыл­дығына орай өткі­зетін іс-шараларды да талқылады. Сонымен қатар, Алатау  Ар­да­герлер  ұйымы  белсенділері   аудан­ның 10 жылдығы құрметіне  «Құрметті ардагер» төсбелгісімен марапатталды.

Жиын соңында аудандық Ақсақалдар алқасының төрағасы Құдайберген Қабдол­дин жиналғандарға алғыс айтып, алдағы еңбегіміз жемісін берсін деген тілегін білдірді.

Жұлдыз СМАИЛОВА,

Аудан әкімдігі сайтының редакторы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *