Қарашаңырақтағы қарымды істер

Тәуелсіз елімізде білікті де білімді  кәсіби  мамандар даярлау мәселесі жоғары оқу орнынан (ЖОО) бастау алады. Бұл бағытта биыл өзінің 80 жылдық  мерейтойын тойлағалы отырған әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық университетінің  ұжымы да өзіндік үлесін қосып келеді.

Осы орайда университеттің  80 жылдық  кезеңдеріне ой жүгіртсек, біраз тарихи оқиғаларға куә боламыз. Атап айтқанда, 1946-1947 оқу жылы оқытушы-профессорлар құрамы 147 адамға жеткен. 1949 жылы философия және экономика факультеттері ашылған. Әр жыл сайын университеттің  материалдық-техникалық базасы   нығая түседі. 1959-1965 ж. жоғары білімге талпынған жастарға жатақханалар, оқу ғимараттар кешені, оқытушыларға арналған тұрғын үйлер салына бастады. 1970 ж. көрнекті ғалым, академик Ө.А.Жолдасбеков ректор болып тағайындалып, оның беделі мен табандылығы арқасында қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығының құрылысын қалауға қаржы бөлінді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тағы  бір  елеулі  кезеңі  өткен ғасырдың 90 ж. мен ХХІ ғасырдың басы­на сәйкес келді. Туымызды көтеріп, Тәуелсіздігімізді жария­лаған егемен елімізде (1992 ж.) «Білім туралы», «ҚР мемлекеттік  ғылыми-техникалық саясат және ғылым» туралы тұңғыш заңдар қабылданып, ғылым мен білімнің дамуына оң өзгерістер әкелді. Уни­верситет мәртебесі де өсіп, ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі берілді. Президент Жарлығымен (1993) дербес өзін-өзі басқаратын мемлекеттік жоғары оқу орны мәртебесін иеленіп, Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті аталды.

2003 ж. Болонья (Италия) қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті университеттердің Ұлы Хартиясына қабылданып, Қазақстан мен Орта Азия  мемлекеттері  арасынан бірінші болып еуропалық білім беру кеңістігіне енді.

2011 ж. 20  қазанда  Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ)  Қазақстандағы өкілдігімен ҚазҰУ арасында өзара ынтымақ­тас­тық пен түсіністік жайлы Меморандумға қол қойылды. Ол уни­вер­ситеттің БҰҰ  бағдарламаларына қатысып, ҚазҰУ ғалым­дары мен студенттерінің жинақ­таған мол білім мен ғылыми әлеует­терін әлемдік мәселе­лерді шешу мақсатында жұмсауына мүм­кіндік береді. Сөйтіп ҚазҰУ осы жылы «БҰҚ Академиялық  ықпал»  атты бағдарламасына қатысушы бірден-бір ЖОО ретінде 90-нан аса астам  елдердің, 500-ден аса университеттердің қатары­на қосылды.

Ғылыми-инновациялық инфрақұрылымдарды жасау мен мамандарды даярлаудың халықаралық талаптарын енгізуге байланысты алғашқы қадамдар жасалып, елімізде білім берудің 3 сатылы жүйесі бізде алғаш рет енгізілді. Тәжірибенің тапшы­лығына қарамастан, көптеген қиындықтар мен түсінбеушілік­терді бастан кешірді. «Көш жүре түзеледі» деген нақыл сөзді ескере оты­рып, университет бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға оңтайлы да тиімді әдістерді меңгере отырып Орта Азия елдеріндегі ең танымал ЖОО-на айналды. Болон үдері­сінің қағидаларының бірі — білімнің сапасын арттыру. Елба­сымыз атап өткендей, жоғары мектептің білім беру қызме­тінің сапасы­ның негізгі көрсеткіші білім алып жатқан мамандардың дайын­дық сапасы, олардың еңбек нарығында бәсекелестік қабі­летке әрі сұранысқа ие болуы. Осы орайда университет ұжымы­ның негізгі беталысы осы бағыт­та жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, кре­диттік техно­логия бойынша білім берудің тиімді тетіктері жаса­лынды; заманауи талаптарға сай сапалы білім беру мақсатында оқу үдерісіне байланысты студенттерге қажетті барлық ақпарат­тар мен материалдарды универ жүйесі арқылы тарату жолдары анықталды, т.б. Бүгінгі таңда университетте 2 мыңнан аса білікті оқытушы-профес­сорлар, оның ішінде жүздеген академиктер, онда­ған философия докторлары бар. Білім алып жатқан 18 мың студент, магистрант, докторанттардың ішінде мыңға жуық шетелдік жастар бар. Бұлар болашақта білімді маман болумен қатар, ұлт элитасын құрады деп үміт артуға болады.

Оқу әдістемелік, ғылыми инновациялық, халық­аралық ынтымақтастық, әлеуметтік тәрбие бағытындағы жұмыстар ҚазҰУ-дің алдағы кезеңдерге арналған стратегиялық даму жоспары мен тұжырымдамаларында анық көрініс тапқан. Бұл тұрғыда университет үшін Қа­зақстанның білім берудегі ұлттық үлгісін қалыптастыру, сол арқылы жањандану үдерісі етек алған жағдайда ұлттық мүддені қорғай отырып, білім саласын дамыту мен жетілдіру, оқытудың инновациялық-зерттеу тәсілдерін ұстана отырып, әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылуға нық қадам басу өзекті мәселе санатында.

Сапалы білім берудің маңызды факторларының бірі білім мен ғылымды тікелей ұштастыру болып табылады. Оқу және ғылыми үдерістерді тығыз байланыстыру Болон үдерісінің қағидасына да сай келеді. Осы мақсатта универ­ситет құрамында ғылыми-зерттеу институттары мен   техно­логиялық парктер құрылды.  Мамандардың кәсіби білікті­лігі мен ғылымды дамыту үшін тек жаңа оқу технология­ларын меңгеріп қана қоймай, оның сапалы білім беру мақсатында әртүрлі деңгейдегі ғылыми-зерттеу орталық­тарымен тығыз байланысты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бүгінгі күн талабына  айналып отыр. Еліміздің эконо­ми­калық, әлеуметтік — саяси жағдайы да осыны талап етуде.  Классикалық үрдістегі университеттердің ерекше­лігі — сапалы білім берумен қатар, оның, жақсы дамыған ғылыми базасын құруда. Сол арқылы білім беру мен ғылыми-зерттеу үдерістерін тығыз ұштастыра отырып, тәжірибе, жас ерекшеліктеріне қарамай ғалымдар мен студенттердің бірлесе жұмыс істеуі арқасында жекелеген ғылыми мектептер мен ғылыми орталықтардың қалып­тасып, дамуына жол ашылады. Осы орайда Экономика және бизнес жоғары мектебіндегі кафедралар, оның ішінде Қаржы кафедрасы мен Экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми-зерттеу жұмыстары өзара сабақ­тастастығын табуда. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы негізінен жањандану жағдайында Қазақстан экономика­сының өзекті мәселелерін зерттеуге, ұлттық  экономика­ның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету факторы ретінде инновациялық белсенділікті арттыру механизмін жетілдіруге бағытталған. Оның нәтижелері білім мен ғылым сапасын арттыруда әрі бәсекеге қабілетті маман­дарды дайындауда өз ықпалын тигізуде. Бұл жерде оқыту­шылар тікелей ғылыми зерттеу жұмысымен айналыса отырып, өзінің ғылыми жетекшілігімен студенттерді өзін­дік дербес жұмыстарын, курстық, дипломдық жұмыс­тарын орындау, магистрлік және докторлық диссерта­цияны дайындау, сондай-ақ, студенттерді ғылыми қоғамдас­тықтар мен ғылыми конференцияларға белсене қатысуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде оқытушылар мен сту­дент­тердің ғылыми-зерттеу жұмысына деген ынтасы артып, жалпы білім беру сапасының да жақсаратыны анық.

Осындай елеулі істердің атқарылуы — сексен жылдық даму тарихы бар бар қарашаңырақ құрамында биыл мү­шел жасқа келгелі отырған Экономика  және  бизнес жоға­ры мектебі «Қаржы» кафедрасы профессор-оқытушылар құрамының ауыз­біршілікпен еңбек етуінің бір айғағы.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы­ның басым бағытымен үндес университет ұжымы, оның ішінде «Қаржы» кафедрасының ұжымы білім, ғылым және иннова­циялық өндірістің тиімді интеграциясы негізінде Қазақстанның стратегиялық даму және заманауи интелектуалдық талаптарына сай қаржы мамандығы бойынша жаңа формациядағы мамандар әлеуетін қалыптастыру арқылы киелі қарашаңырақтың 80 жылдығына  өз үлесін қосуда деп айта аламыз.

М. АРЗАЕВА, әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық үниверситетінің Қаржы кафедрасы, э.ғ.к., доцент.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *