«ҚАРАШАҢЫРАҚ–2019» фестивалі басталды

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 17–20 сәуір аралығында дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалі жаңа «ҚАРАШАҢЫРАҚ–2019» атауымен өткізілмек. Мәдени мереке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен Жастар жылы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылады. 

 

«QARA ShANYRAQ–2019» фестивалі аясында төрт күн қатарынан театр ұжымы көрермендерге  2018 жылғы жаңа қойылымдарды ұсынады.

Олар:

  1. А.Чехов «Сүйікті менің ағатайым» (Режиссері – А.Маемиров).
  2. Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» (Режиссері – Д.Жұмабаева).
  3. Л.Толстой «Анна Каренина» (Режиссері – Е.Обаев).
  4. Б.Беделхан «Ұлым, саған айтам…» (Режиссері – А.Маемиров).

Спектакльдер әдеттегідей сағат 18.30-да басталады. Фестивальдің жабылу салтанаты 21 сәуірде сағат 11.00-де болады.

Фестиваль бағдарламасы негізінен театрдың 2018 жылғы жаңа қойылымдарын  көрсету және ол қойылымдарды қазылар алқасы мен фестивальге қатысушылардың талдауынан тұрады.

Жоғары руханиятты орнықтыруға ұмтылуды, сахна өнерінің қоғамға әсер-ықпалын арттыру мен дәстүрлі ұлттық құндылықтарымызды  жаңғырта  түсу арқылы жас ұрпақты ізгілік идеяларына тәрбиелеуді көздейтін фестиваль аясында Шәкен Айманов, Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров, Таңат Жайлыбековтердің шығарма­шылық ғұмырына арналған арнайы көрме көрсетіледі.

«Қарашаңырақ–2019» фестивалі аясында 20 сәуірде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры фойесінің «Сырласу бұрышында» театр артистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыспен және жас актер Мейрамбек Тағановпен кездесу ұйымдастырылады.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *