АРАНДАТУШЫ «ХАЛИФАТ САРБАЗДАРЫНЫҢ» ЖАҢА_ЗЕНДЕГI ОҚИҒАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАСАҒАН ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИСЛАМ ДIНI ҒҰЛАМАЛАРЫ КЕҢЕСIНIҢ МӘЛIМДЕМЕСI

Құрметтi мұсылман бауырлар, қандастар, отандастар!

Бiз бүгiнде елiмiздiң iшкi тұрақтылығына қауiп төнiп, рухы күштi ата-баба дiнiне деген алауыздық орнап, ел ынтымағына сызат түскеннен кейiн туған халқымызға деген шын жанашырлық пiкiрмен, елдi сабырлыққа шақыру мақсатымен өз үндеуiмiздi жолдаймыз.

Ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан қасиеттi жерiмiздi бүгiнгi өскелең ұрпаққа қалай аманат етiп беремiз? – деген бүгiнде отансүйгiш кез-келген азаматтың жүрегiнде толассыз сұрақтар туындауда. Егер де елiмiздiң бiрлiгiнен айырылатын болсақ, ақ найзаның ұшымен, ақ бiлектiң күшiмен, ат үстiнде ұйқысыз күн кешiп, ел қорғаған ата-бабаның маңдай терiн жермен-жексен еткенiмiз деп бiлерсiздер.

Қасиеттi туған жерiмiздiң тыныштығын бұзып, ел iшiнде үрей туғызып, етегiн жасқа толтырған аналардың көз жасы мен сәбилердiң жүрегiн ұшырған, бүгiнде өздерiн «халифат сарбаздарымыз» деушiлердi – таза мұсылман- шылықтан безiп, әлдебiреулердiң арбауымен қолдарына қару алған, баскесер қарақшылар деп түсiнуге болады.

Бүгiнгi таңда елiмiздi елең еткiзген Жаңаөзендегi орын алған жантүршiгерлiк жағдайды ұйымдастырушылар, әрине, елiмiздiң шырқын бұзуды көздеген әлдебiреулердiң iстеген қастандығы екендiгi айдан анық. Бұл жағдайды тарих сахнасында дiнмен байланыстырып, өздерiнiң қандықол әрекеттерiмен сабақтастырған «халифат сарбаз- дарының» хабарламасын, әрине, буынсыз жерге пышақ ұру деп түсiнуге болады. Бұл жерде дiнге үш қайнаса сорпасы қосылмаған бүлiкшiлердiң әрекеттерiн өз мақсаттарына пайдаланғылары келгендiгi сөзсiз. Интернет арқылы өздерiнiң арам ойларын жүзеге асырмақ болған «халифат сарбаздарымыз» деушiлер – бейбiт күнде қару асынып, беттерiн тұмшалап жапқан имандықтан безушiлердi iштен шыққан жау жаман деп қалай санамайсың? Сана-сезiм- дерi уланған бұл мәңгүрт пенделер кеше ғана бесiктен белдерi шығып, буыны қатпағандар екендiгiн байқауға болады. Тарихы тереңге жайылған, тасы өрге домалаған елiмiзге қауiп-қатер тудырардай олардың басына не күн туды? Ойсыз сөздерiнен, iстеген санасыз әрекеттерiнен үлгi аларлық бiр қасиет көрiнбейдi. Ана сүтi аузынан кетпеген ондайлардың әлдекiмдердiң саяси қуыршағына айналғаны анық. «Отан, ол – Анаң» деп халқымыз қастерлеген қасиеттi жерiмiздi жермен-жексен етiп, өз анасына өздерi қол жұмсаушыларды қаныпезерлер деп неге айтпасқа?

Бүгiнгi таңға дейiн елiмiзде «дiнге деген қысымшылық орын алды немесе ислам дiнiнiң өркендеуiне балта шабылды» деп, жұрт алдында дақпырт таратушылар – тiкелей саясаттың қолшоқпарлары. Бұл жерде дiндi желеу етiп, елдiң саяси ахуалын өзгертудi талап етушiлердiң кесiрiнен барымыздан айрылып, бағымыз шайқалып, басқа бiреулерге ұлдарымызды құл етiп, қыздарымызды күң етуiмiз әбден ықтимал.

Ертеңiмiзге үңiлiп, болашағымызды саралайтын болсақ, халқымызды талай тар жол тайғақтардан алып келген кешегi өткен батырларымыз бен бабаларымыздың, даналарымыз бен басшыларымыздың төккен терлерi мен сiңiрген еңбектерiнiң арқасы екендiгi тарих беттерiнде айтпаса да айшық көрiнген. Елiмiздiң iргесiн сөктiрмей, қабырғасын қайыстырмай, аман-есен өтпелi кезеңдерден алып өту, әрине, ел басқарған даналарымыздың сара да iзгi iс-әрекеттерiнiң арқасы емес пе? Жұрттың тыныштығын бұзып, басшылыққа қарсы бүлiк шығару – ауыр күнә. Себебi, фитна – адам өлтiргеннен де ауыр күнә емес пе? Ислам дiнi әрбiр мұсылманның басшыға бағынуын талап етедi. Басшы – Алланың жер бетiндегi көлеңкесi.

Қасиеттi Құранда (Ан-Ниса сүресiнiң, 59 — аятында): «Ей, иман келтiргендерө Аллаға, Оның жiберген пайғамбарына және өз араларыңнан шыққан басшыға бойұсыныңдар», – делiнген.

Бұл жайында Алла Елшiсiнiң (с.ғ.с.) хадисiнде: «Кiм маған бағынса, Аллаға бағынғаны. Ал кiмде-кiм маған қарсы шықса, Аллаға қарсы шыққаны. Ал кiмде-кiм басшыға бағынса, маған бағынғаны. Ал кiмде-кiм басшыға қарсы келсе, маған қарсы келгенi», – дейдi.

Сахих хадистерде де: «Кiмде-кiм басшыға қарсы шығып, жамағаттан бөлiнсе, содан кейiн сол кеткен күйiнде өлетiн болса, онда ол надандық өлiммен өлген болады», яғни басшының бағынуынан шығып, қайтыс болғандар бас имейтiн күнәһар күйiнде болады делiнедi.

Отандастар! Мұсылман бауырлар!

Тарих қойнауындағы тартқан азап аздай, өз қолың өз аузыңа ендi жеттi дегенде бiр-бiрiне жау болып, қан төгiп, ел тыныштығын алатындай не басымызға күн туды? Еңкейген кәрiмiз бен еңбектеген жасымыздың, ақ жаулық- ты аналарымыздың үрейiн ұшырмай, айрандай ұйыған ел тыныштығын сақтайықө «Сабыр түбi – сары алтын» дегендей, елiмiздi сабырлыққа, ынтымаққа шақырамыз. Өздерiн нағыз мұсылман деушiлерге «адасқанның айыбы жоқ» дегендей, аяқтарын шалыс басқан бауырластарымыздың бiрiгiп, бiр тудың астына жиналып, имандылыққа бой ұсынуларын сұраймыз!

Алла-тағалам елiмiзге тыныштық, халқымызға сабыр, жүрегiмiзге имандық берсiн!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *