Қарақшылық топ ұсталды

5«Алматыда бірнеше адамды тонаған қарақшылық топ ұсталды».Қалалық ІІД баспасөз қызметі үш жігіттің Медеу ауданыгның 20 жастағы тұрғынының 138 мың теңгесін тартып алып жатқан кезде қолға түскенін хабарлады.

– Қылмыстық әрекетке Медеу аудандық ІІБ қызметкері тосқауыл қойды. Үшеуінің бірі сол кезде қолға түскен. Қалған екеуі бірнеше сағаттан кейін ұсталды. Олардың бәрі Іле ауданының тұрғындары болып шықты,  – деді қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасы қарақшылық шабуыл мен тонаушылық қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы Данияр Қошалиев.

Ұсталғандар өздерінің бірнеше қылмыстық әрекетке қатысы барын  мойындаған. Қазірдің өзінде құқық қорғау органдарының болжамынша, әлгі үшеудің осы тектес 5 қылмысқа қатысы бар мәлім болып отыр.

Айнабай МӘДИ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *