Қара шаңырақтың еңсесі тік, шаңырағы биік болғай!

Қазақ әдебиетінің киелі қара шаңырағында тариxи күн болды. Жазушылар одағы даму­дың жаңа кезеңіне өтіп жатыр.

Одақты 22 жыл абыроймен басқарған ардақты ағамыз Нұрлан Оразалин қаламдас інісі — Жазушылар одағының жаңа төрағасы Ұлықбек Есдәулетті жаңа қызметімен құттықтап, сәт сапар тілеп, ақ батасын берді. Қазақтың қос тұлғасы бір-біріне шапан жауып, құшақтасып, ақ тілектерін жаудырғанда керемет сүйсіндік, қос ағамыздың ірілігіне риза болдық. Одан кейін Нұрлан ағам мен Ұлы ағам арнайы уақыттарын бөліп, мені де жұмыс орныма отырғызып, баталарын берді. Ғалым Жайлыбай мен  Жанарбек Әшімжан ағаларымның да тілектеріне, сенім білдірген көңілдеріне бек риза болдым. Құттықтау кезеңі бітті, жұмыс басталды. Зор жауапкершілік иыққа түсті. Енді іске кірісеміз. Баршаңыздың ұсыныс-пікірлеріңізге ашықпыз. Ақылдаса отырып, жұмыс істеуге дайынбыз. Әріптес ағаларым — Төраға орынбасарлары Бауыржан Жақып, Мереке Құлкенов, Бақыт Беделхан мырзаларға сәттілік тілеймін! Ұлы Қазақ Әдебиеті жасай берсін!

 

Ақберен Елгезек.

 

 

Алла ел ағаларына ынтымақ, береке, бірлік бергей!

 

Қазақстан Жазушылар  одағы. Нұрлан Оразалин Жазушылар одағының жаңа Төрағасы Ұлықбек Есдәулетовті орынтағына отырғызып, ұжыммен  та­ныс­тырып, иығына шапан жауып, батасын берді.

Өз кезегінде Ұлықбек аға да Нұрлан ағаның иығына шапан жауып, риясыз ықыласын танытты. Алла ел ағаларына ынтымақ, береке, бірлік бергей. Қара шаңырақтың еңсесі тік, шаңырағы биік болғай.

 

Маралтай Райымбекұлы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *