ҚАРАҒАЙ, ШЫРША ҚЫСТА ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

Оңтүстік астанада «Jasyl Almaty» акциясы жүріп жатыр

«Жасыл Алматы» – шаһар басшысы  Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен мегаполисті жасылдандыру мақсатындағы экологиялық-әлеуметтік акция. Акция республикалық «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы, оңтүстік астананың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған.

Нұрлан СҮЙІН

Табиғаттың барлық жағдайы қалыптасқан Алматыда әсіресе солтүстік-батыс аймағына, мегаполиске жаңадан қосылған аудандарға көңіл бөлініп отыр.

Акция аясында Алатау ауданындағы «Саялы» ықшам­ауданында тал отырғызу жүргізілді. Аудан әкімдігінің қолдауымен 80-ге жуық қарағай көшеті отырғызылды.

Алпысқа жуық қала тұрғыны атсалысқан акция «Табиғат» экологиялық одағының бастамасымен, қалалық Жасыл эконо­мика басқармасының, Алатау аудандық әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Мегаполисті көгалдандыру мақсатындағы экологиялық акция жалғасып жатыр.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *