ҚАР ЖИНАУҒА 390 ТЕХНИКА ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

19 «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай…» деп ақын жырла­ған­дай, қарашаның ал­ғашқы күндерінде қыс­тың хабаршы­сын­дай болып Алма­тыға алғашқы қар жауды.

Алғашқы қар қараша­ның 2-жұлды­зында түнгі сағат үште басталып, сағат 8-де қалыңдығы 7–10 см. болды. Қар, негізінен, қаланың жоғарғы жағына түсіп, тау етегінде қар қалыңдығы 25 сантиметрге дейін жетті.

Алматы қалалық қыз­меттер қардан тазалау жұмыстарына 390 арнаулы техни­ка шығарды, оның 112-сі — құм шашатын мәши­нелер. Техникадан бөлек 570 жол жұмыс­шылары жұмылдырылды. Комму­налдық қызметтер құм-хлоридты қоспаны ша­шып-төгу жұмыстарын Төле би көше­сінен оңтүстік бағытта жүргізді, жұмыс барысында 1200 тонна қоспа жұмсалды.

Негізінен, жаяу жүр­гіншілер жолына көңіл бөлініп, щеткасы бар 65 трактор көше тазалауға шықты. Сағат 9.00-ден бастап мекемелер мен кәсіпорындар, яғни, заңды тұлғалар қызметкерлері де қар тазалау жұмыстарына тартылды. Олар өз жұмыс орындары аумағын таза­лаумен айналысты.

Арнаулы қызметтер жиналған қарды қала сыр­тына шығару жұмыстары­мен айналысты.

«Ақшам-ақпарат». 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *