ҚАР ТАЗАЛАУҚАРБАЛАСҚА ТОЛЫ

Ербол ТҰРЫМБЕТ

Биыл қыс басталмай жатып, Алматыны қалың қар басты. Eткен жыл бойғы қар түсiмi 75 сантиметр шамасында болса, биыл небәрi екi-үш күннiң iшiнде қала көшелерiн 55 сантиметрге дейiн ұлпа қар жауып қалды. Қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы техникамен толық сайланып отырса да, табиғаттың мұншалық тосын мiнезiн ешкiм күтпеген едi. Оның үстiне, жылымық ауа-райымен жауған толассыз қар жерге түсе сәл ерiген болып, артынан мұзға айналып, мұның ақыры қар тазалаушыларға оңайға соқпай, ауыр жұмысқа айналды. Бiрер күннiң iшiнде бүкiл қала қарға толып, жұрт әбiгерге түсе бастаған-ды. Алайда, қалалық басқарма мен тиiстi қызмет орындарының күн-түн демей тынымсыз жүргiзген жұмысының нәтижесiнде көлiк жүретiн көшелердiң басым бөлiгi көп ұзамай қалыпқа келдi. Алайда, күнделiктi куә болып отырғанымыздай, әппақ қар әлi де тоқтар емес. Осыған орай, Алматы қаласының Әкiмi Ахметжан Есiмов қаланы қар мен құлаған ағаш бұтақтарынан уақтылы тазарту жұмыстарын пысықтау мақсатында арнайы жиын өткiздi.

Жиында қала басшысы айтып өткендей, қазiрге дейiн қала сыртына 215 мың текше метр қар шығарылып үлгердi. Сонымен бiрге, күртiк қарды көтере алмай, апатты жағдайға душар болып, сынып-құлаған 13 967 дана талдар мен бұталар да тасылып әкетiлдi. Осынша зор көлемдегi жұмыстарға барлығы 500-ден астам техника, соның iшiнде соңғы 3 жылда сатып алынған 285 жаңа көлiктер жегiлдi. Оған қоса, жағдайды ретке келтiруге қаладағы барлық ұйымдар мен мекемелердiң төтенше жағдайларға қатысты қызметтерi де жұмыла кiрiстi.

Алайда, аталған мәселе бойынша кемшiн түсiп жатқан жәйттер де жоқ емес. Соған байланысты, қала Әкiмi Алмалы ауданы бойынша қар тазалау мен құлаған ағаштарды дер уақытында шығару iсiн ұйымдастыруда сылбырлық орын алып отырғанын атап өттi. Айта кетейiк, бұл жұмыстар бойынша жергiлiктi әкiмдiктер жауап бередi, оларға жекеменшiк компанияларды тарту үшiн арнайы қаржы бөлiнедi. Қала көшелерiндегi жиналмаған ағаш бұтақтарының 90 пайызы осы ауданға тиесiлi болып отыр. Осыған байланысты қала Әкiмi Ахметжан Есiмов Алмалы ауданының әкiмi Марат Пiрiнбековтi жұмысынан босатты. Сонымен бiрге, аталған мәселелер бойынша жетекшiлiк жасайтын қала Әкiмiнiң орынбасары Ербол Шорманов пен Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Алтай Рахымбетовке сөгiс жариялады. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар бойынша жауапты қала Әкiмiнiң орынбасары Мәулен Мұқашевқа да сөгiс берiлдi.

Шаһар басшысы қаланың магистральды емес көшелерiндегi қалған қар мен құлаған ағаштарды шығару бойынша кесте құруды және оны апта сайын БАҚ-та жариялап отыруды тапсырды.

– Аудан әкiмдерi ПИК-тер және жеке кәсiпорындар иелерiмен жұмысты жандандыра түсуi қажет. Тұтынушылар келетiн өз дүкенiнiң айналасын әркiм өзi тазартуы тиiс. Одан бөлек, Iшкi iстер департаментiне ПИК-терге учаскелiк инспекторларды жiберiп, аулаiшiлiк қар тазалау жұмыстарын мiндеттеп жүргiздiрудi тапсырамын, – дедi Ахметжан Смағұлұлы.

Сонымен қатар, қала басшысы синоптиктердiң болжамы бойынша қазiргi уақытта бүкiл Еуропа мен Азияның айтарлықтай бөлiгiнде байқалып тұрған табиғаттың құбылмалы мiнезi Алматыға да қыс бойы әсерiн тигiзуi мүмкiн екенiн атап өттi. Бұл ретте, тек қардың жаууы ғана емес, кенеттен күн жылын

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *