ҚАР ТАЗАЛАЙТЫН ТЕХНИКА САҚАДАЙ САЙ ТҰР

Көшелерді қардан тазалау үшін мың бірлікке жуық арнайы техника сақадай сай тұр.

«Қазгидрометтің» ауа райын ұзақ мерзімді болжауы бойынша Алматыда қар аралас жауын-шашын 5-10 қараша және 23-30 қараша аралығында болады деп күтілуде. Қазіргі кезде қаланың барлық қар тазалайтын арнайы техникасы жұмысқа 100 пайыз дайын. Қыс кезінде қар тазалау­мен 993 арнайы техника бірлігі мен 1320 жол жұмысшылары айналысатын болады. Егер қар қалың жауатын болса, қосымша 150 самосвал машиналары тартылады.

Оқыстан болатын оқиғалардың алдын алу үшін жолды тазалауға кететін уақыт нормативін ескере отырып, барлық арнайы техникалар қозғалыстарының бағыттары және бекітілген учаскедегі қар тазалау технологиясы бойынша жаттығу сабақтары өтетін болады.

«Алматы тазалық» МҚК қар тазалау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін қала тұрғындары мен оның қонақтарын көліктерін рұқсат етілмеген жерде қалдыр­мауға және жолда болатын кептелістерге түсіністікпен қарауға шақырады.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *