Қар суы жиналған тау көлдері қауіпті емес

Білетін болсаңыздар, біз бұған дейін Алматы тауларында еріген қар суынан пайда болған көлдер саны 42 болады деп жазған едік. Өйткені, бүгінге дейін олардың 5-еуі қала үшін мүлдем қауіпсіз болып қалған екен. Ал қазір шаһарға айтарлықтай қауіп төндіріп тұрған тағы 7 бірдей көлде алдын алу жұмыстары жүріп жатыр.

Осы ретте бүгінде қалаға қауіп төндіруі мүмкін деп танылған қар мен еріген мұздықтар суынан жиналған тау көлдері (Моренные озера) Алматы тауларында 37 болып есептеледі. Ал енді осылардың ішіндегі 7 көл аса қауіпті болып танылғандықтан, оларға алдын алу жұмыстары жүргізілетінін осы көктемде айтқан болатынбыз.

Жалпы, қазір бұл көлдер айрықша бақылауда. Ал мұздық­тардың еруінен жиналған олардағы су мөлшері қазір арнайы сорғыштармен сорылып – «Ақсай», Кіші және Үлкен Алматы өзендеріне жіберіліп жатыр. Оның үстіне мамандар күн сайын үш рет ауа-райы, атқарылған жұмыстар және су деңгейі туралы ақпараттар алып тұрады екен. Демек, әзірге ешқандай қауіп жоқ десе де болғандай. Одан қалды, тасқын су қаупі тек қыркүйектің ортасына дейін ғана сақталады дейді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *