Қар келді, қарбалас келді

Шаһар басшысы Бауыржан Байбектің тапсырмасымен әр ауданда  аудан әкімі орынбасарының және сол аймаққа жауап беретін учаске басшысының байланыс нөмірі жазылған ақпараттық стендтер орнатылып жатыр. Мұндай ақпаратты ғаламтордан да табуға болады. Бұл – әкімдіктің жұмысын барынша ашық және айқын қылу үшін, қоғамдық қадағалаудың механизмдерін күшейту үшін жасалуда. Әрбір жүгінген тұрғынға нақты көмек көрсетілуі қажет. Енді кез-келген алматылық аудандағы қардың уақытылы тазалануы, сондай-ақ өзге де өтініштер бойынша шұғыл түрде сұрақтар жолдай алады.

Қыс маусымында дайындық барысында қаланың ком­муналдық қызметіне жаяу жүргіншілер жолы мен аула ішін жедел тазартуда ПИК-тердің жұмысын барынша күшейту қажеттігі ескертілді. Осы іске жауапты мердігерлік ұйымдардың жұмысын Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бақылайтын болады.

– Қаланы қайта жөндеуден өткізуге байланысты жаңарған даңғылдар мен көшелерде арнайы техника, оның ішінде көпса­лалы «Pony» көліктері, кішігірім жүк тиегіштер, жеңіл трактор­лар жұмыс істейтін болады. Ал жұмысшылар төселген заттарға еш ақау түсірмейтін арнайы құралдарды пайдаланады, – деді қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма­сының басшысы Әсет Масабаев.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *