ҚАР КӨШКІНІ КЕЗІНДЕ «АСПАЛЫ ЖОЛДА» ҚАЛҒАНДАР ҚАЛАЙ ҚҰТҚАРЫЛАДЫ?

Қала-қарбалас

 

Айнабай МӘДИ

kar koxkinАcқаралы Алатаудың бір бүйіріндегі қар көшкініне былайғы жұрт  шошына қараған. Алайда, бұл кәдім­гі қар көшкінін көз алдыға келтірген оқу-жаттығу жиыны болатын. Мамандар шатқалдың қауіпті тұстарындағы қалың қар жамылған көбені сөгіп, қар көшкінін қолдан жасады. Жедел жеткен құтқару­шылар мен тау шаңғы курортының қызметкерлері «жарақаттанған»  жандарға бастапқы дәрігерлік көмегін көрсетіп әлек.

Алматы қалалық құтқару қызметінің ұйытқы болуымен «Шымбұлақ» тау-шаңғы демалыс орнындағы қар көшкіні бірнеше шаңғышыны басып қалып, электр желілеріне кедергісін келтірді. Тіпті, аспалы жолда кетіп бара жатқан демалушылардың да кабинада қамалуына тура келді. Енді не істемек? Бәрі аяқ астынан ғой.

Жиырма шақты құтқарушы мен дәрігер қалың қардың құрсауы мен саршұнақ аязда қалған адамдарға дер кезінде көмекке келді. Құтқарушылар қар астында қалған шаңғышыларды иісшіл иттерімен іздеді. Ұзамай жоғалғандарды тапты. Қар астында қалғандар аман-есен екен, соған шүкір еттік. Әлгі аман қалған азаматтарға бастапқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Біздің бір байқағанымыз, аталған оқу-жаттығудан демалыс орнының құтқарушыларының да біраз тәжірибе жинақтағанын аңғардық.

– Бұл оқу-жаттығу аспалы жол (гандолдық) жол тоқтап қалған шақта қандай әрекетке баратынымызды бір көрсетіп берді. Қалай болғанда да, аспан мен жердің ортасында қалып қойған адамдарды үрейлендірмей, құтқару керек қой. Қандай көмек көрсетіледі? Осы жағы пысықталды. Қар көшкіні кезінде адамдарды із кесуші иттердің көмегімен іздеу жүргіздік. Бұл тұрғыда да жинақ­таған тәжірибеміз жеткілікті болуы қажет, – дейді «Алматы қалалық құтқару қызметі» мемлекеттік коммуналдық-қазынашылық кәсіпорны  директорының орынбасары  Ержан Қаңлыбаев.

Әлбетте, шатқалдардағы айтып келмей­тін апат – қар көшкіні аса қауіпті.  Сон­дықтан, оның алдын алуға бір ғана демалыс орны құтқарушыларының шама-шарқы жетпейді. Міне, осы тұста «Қаз­селденқорғау» қызметі көмеккке келді. Селден қорғаушылар тау баурайындағы оқу-жаттығу кезінде басындағы қаупі басым биік төбеден жасанды екі қар көшкінін (1 мың 500 текше метрлік) өткізгенін айта кеткен жөн болар.

– Таулы аймақтарда үш күн жауған қардың қалыңдығы 70-90 сантиметрге, кей жерде 1 метрге дейін жетті. «Шымбұлақ» шатқалының «Талғар» асуында жүргізілген жарылыс жұмыстары қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі үшін қажет, – деді «Қазселденқорғау» мекемесі директорының орынбасары Самат Дәуленхан.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *