«АПОРТ» ЖЕҢІЛДІКТЕР АКЦИЯСЫН ҰСЫНАДЫ

Құттыбек Аймахан

Қазір әр өндіруші өз өнімін нарықта қымбатқа өткізуді қалайды. Ал осы кезде халықтың көбінде ол қаржы-қаражат бола бермейді. Міне, осы жағдайды байқап жүрген кейбір сауда орындары тұрғындарға тапқан қаражатын үнемдеу үшін түрлі жеңілдіктер ұсынатын болып жүр.

Атап айтқанда, жақында еліміздегі ең ірі «Апорт» сауда және ойын-сауық кешені қала тұрғындарына қаржыны үнемдеудің жаңа үлгісін ұсынды. Бұл ретте «Апорт» сауда және ойын-сауық кешені AportFESN теңдесіз акциясы шеңберінде келген тұты­нушыларға үш күн бойы түрлі кешбэктер мен жеңілдіктер берілетінін мәлімдеп отыр. Сөйтіп, алдағы 10, 11 және 12 тамыз күн­дері «Апорт» мен осы желідегі барлық дүкендер мен аквопарктердің, кафе-мейрамханалардың ойын-сауық алаңына келген қала халқы мен қонақ­тарына түрлі жеңілдік бағалар ұсынылмақ.

Осыған орай, «Апорт» басқа­рушы дирек­торының орынбасары Тимур Мұха­меджанов «Апорт» өз тұрақты тұтынушыларына алғыс білдіру мақса­тында маусымдық жеңілдіктер акциясын және олардың сауда барысында сыйлықтар мен бонустармен марапатталуын өткізуді қолға алады. Сөйтіп, тұтынушыларға тиімді сауда жасауды ұйымдастырмақ. Осылай 2010 жылы алғашқы «Жеңілдіктер түніне» 37 мыңдай тұтынушы қатысты. Сол  акция­ны қаладағы барлық дүкендер қол­дап, қосымша жеңілдіктер ұсынған еді. Биыл біз үнемдеу түрін өзгерттік. Бірін­шіден, акция­ның өткізу уақытын созып, әр тұтынушыға ақшасын тек  жеңілдікпен  ғана үнемдеу түрінде ғана емес, сонымен қатар оларға кешбэк немесе банк картасы болмаса QR арқылы сауда кезінде ақша­сын қайтарып беруді жолға қойдық» деп атап өтті.

Биыл «Апорт» молына келген әр тұты­нушы 80 пайыздай сауда жасаса болды, жеңілдіктер ала алады. Бұл ретте олар «Апорт» аумағындағы кез-кел­ген мекемеде қолма-қолсыз «RahmetApp» қосымшасы арқылы өзінің жаратқан ақшасының 60 пайыздай транзакциясын қайтарып ала алады. Ал биыл «Апорт»ндағы  AportFEST акциясына киім-кешек, аяқ-киім, порфю­мерия, техникалар мен аппаратуралар сататын үлкен сұра­нысқа ие брендтік дүкендер мен сауда нүктелері және «Hawaіі» және «Mіamі Aquapark & Spa» аквопарктері, «Funky World» және «Funky Town» балалардың ойын-сауық алаңдары, сондай-ақ, «Апорт» кинотеатры  қатысатын болады.

Сондай-ақ, бұдан басқа да түрлі акция­лар өтеді. Мысалы, ««Апорт» тұты­нушылары үшін бір тонна алма», «Aport­LOOK жина да, жүлде ұтып ал», «»Апорт»ндағы цирк» және ««Апорт»нан бағалы сыйлық ойындары» деген секілді акциялар болады. Осы ретте 15 мың теңгеге сауда жасағандарға «Әрбір тұтынушыға сыйлық» акциясына қатысуға мүмкіндік беріледі және 5 мың теңгенің чегін тек қана «Магнум» гипермаркетінде сол күні-ақ жеңілдік-купондық кітапшаға ауыстырып алуға мүмкіндік беріледі.

Бұл күндері басты акция «Апорт»нан авто ұтып ал!» деп аталады. Онда әр адам сауда жасай жүріп, өз бағын сынап, автомобиль ұтып ала алады. Бұл ретте «Апорт Райымбек» моллы – үнемді шопингтер мен барлық маусымдық курорт­тар, бақытты жеңімпаздар мен қуанышты көңіл-күйлер аймағы болады. Алғашқы күні мәдени бағдарлама 18.00 сағатта басталып, жүлделер ойнатылады. Ал 11 тамыз күні 14.00-17.00 сағат аралығындағы мәдени бағдарлама «Fashіon Day» стилінде өтіп, сән үлгілері көрсетіледі.

Ал акцияның үшінші күні, яғни 12 тамызда  Қазақ циркі көрсетіліміне орын беріледі. Онда келушілер арасында тұр­мыстық техникалар ойнатылады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *