Қаныш атаның қара шаңырағы

Қазақ инженериясының қара шаңырағы – атақты «политех» биыл 80-ге толып отыр. Осынау мерекелі жыл аясында оқу ордасында түрлі кездесу­лер, кештер мен жарыстар дүркін-дүркін өтіп жатыр.

Мерекелі жылдың шашуы іспетті өтіп жатқан шаралардың саны да жетерлік. Соның бірі – 700-ден астам студент қатыс­қан «Туған елім – мақтанышым» деп ата­латын акция. Бұл акцияға қатысушылар алдымен еліміздің Әнұранын орындады. Сосын барлығы ҚазҰТУ әнұранын шыр­қады. Осыдан соң барлық жастар қимыл арқылы «Қазақстан Отаным», «Қаз­ҰТУ-ім жасасын!», «Туған күнің құтты болсын, ҚазҰТУ», «Мәңгілік ел үміті – инженеріміз білікті», «Алматым – арманым!», «Политех – лучше всех» деген асқақ ұрандармен жастардың оқу ордасына деген ризашы­лық сезімдерін білдіріп, барлық ұжымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«Мен – Тәуелсіз ел азаматымын, біз – ҚазҰТУ студентіміз» деген студенттер акция соңында «Атамекен» әнін орындады.

Рая ЕСКЕНДІР

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *