Антарктиданың мұзы бұрынғыдан үш есе тез еріп жатыр

Қазақстан мен Оман шенеуніктерді визадан босатуға келісті.

Қазақстан мен Қытай арасында 40-қа жуық келісім-шарт жасалды.

«7+20+25» бағдарламасы биылғы жылдың жартысында іске қосылады.

Елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі өсті.

Қазақстанда бензин өндірісі 9,1 пайыз артты.

Биыл еліміз мектебінің 40 пайызында ағылшын тілі оқытылады.

Шетелдік еріктілер ауылдағы балаларға ағылшын тілін үйретеді.

Мәскеуде қазақ тіліне арналған «Дөңгелек үстел» өтті.

Қазақстан халқының саны 18,2 млн.-нан асты. Оның ішінде қала халқы 57,5 пайызға, ауыл халқы 42,5 пайызды құрайды.

Антарктиданың мұзы бұрынғыдан үш есе тез еріп жатыр.

Өзбекстан президенті 200-ден астам адамға рақым­шылық жасады.

Балаңыз әріп танымаса кітапты дауыстап оқып берген дұрыс.

Еліміздің сыртқы қарызы 168 млрд. долларды құрады.

Елімізде өрт қауіпсіздігін сақтамаған 22 сауда үйі жабылуы мүмкін.

«Балапан» арнасы анимациялық күй дәстүрін жалғастырады.

Спорт – депрессия қатерін екі есе азайтады.

Таңертеңгі ішкен бір стакан су ішек-қарныңды жақсы тазалайды.

Астанада агросаладағы БҰҰ-ның өкілдігі ашылады.

Қазақстан бидайынан мата және пластик өндіретін болады.

Министрлік биылдан бастап ҰБТ бойынша мек­тептерде рейтинг жүргізбейді.

Сенімге ие болған туристік агенттіктердің тізімі жасалады.

Қазақстанның футболшы қыздары Босния мен Герцеговинаны 0:2 есебімен ұтты.

Ким Чен Ын Трампты араздықты тоқтатуға көн­діретінін айтты.

Францияда өткен қой қырқу жарысында рекорд орнады. 2019 жылы әлем чемпионатын өткізбекші.

ФИФА-ның биылғы әлем чемпионатындағы табысы 6,1 млрд. долларға жетуі мүмкін.

Күйзеліске қарсы азық – сүт. Ол жүйкені тез тыныштандырады.

Әлемде 192,7 млн. адам жұмыссыз жүр, оның көбісі жастар көрінеді.

«Түбінде тілді оқығандар бүлдіреді», – А.Байтұр­сынұлы.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша 25 жылдан бері 12 мыңнан астам жас шет елде білім алыпты.

Дубайда ұйымдастырылған ауызашар Гиннестің рекордтар кітабына кірді. Дастархан 6 шақырымға жайылды. Ауызашарға 12 мың 830 адам қатысты. Ас мәзірін 35 мейрамхана әзірлеп, 500 даяшы қызмет көрсеткен.

«Қазақ хандығы. Алтын тақ» жобасының екінші маусымы ОҚО-ның Түлкібас ауданында түсіріліп жатыр.

Биылғы жылы Алматыға 130 мыңнан астам шетелдік туристер келген.

Шаһарда таяу күнде 569 жаңа автобус іске қосылады.

Қала экономикасының 87 пайызын қызмет көрсету саласы құрайды.

Алакөлдің суы тері ауруына шипалы.

Жамбыл облысында түрме бастығының орынбасары 2 млн. теңге пара алған.

Қазақстанда қант диабетінен ауырған 309783 адам тіркелген. Оның 3032-сі – жасөспірім.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *