ҚАНТ ДИАБЕТІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Диабет сөзі – гректің сүзгіден өту, яғни сүзілу деген ұғымды білдіреді.
Қант диабеті – ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.
Қант диабеті инсулинге тәуелді( инсулин зависимый), инсулинге тәуелсіз
(инсулин не зависимый) болып 2 түрге бөлінеді.
Ең басты себептердің бірі – тамақтану салтының өзгеруі, атап айтқанда, қантқа тез айналатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану болып табылады. Сол сияқты қажеттен артық тамақтану және дене еңбегімен шұғылданбау, семіздікке әкеліп соқтырады. Қант диабетінің көп таралу себептерінің бірі де осы семіздікке байланысты. Сырқатқа шалдығудың көп себептері тұқымқуалаушылық екенін де айтып өткен жөн. Тұқымқуалаушылықтың әсерінен қант диабеті балалар арасында өте көп таралып отыр. Тағы бір себебі, экологиялық жағдайдың бұзылуы, химиялық өндірістің (фофор, қорғасын) зиянды әсері. Бұл ауру жас талғамайды. Әйтсе де, бұл сырқат егде адамдар арасында көп кездеседі. Оның басты себебі – организмді қоректендіретін қан тамырларының, әсіресе ұйқы безіне келетін тамырлардың қан жүргізу қабілетінің азаюы. Қант диабетінің кең таралуына – ұйқы безінің қабынуы, зақымдануы және ісіктердің пайда болуы да әсер етеді.
Ғалымдар осы уақытқа дейін ауру қоздырғыштарды таппай отыр. Олар қант диабетінің пайда болу себебі генетикалық бұзылыстар немесе вирустық инфекция деп санайы. Алайда көп зерттеу барысында осы жауыз ауру туралы бірнеше деректер анықталды. Олар:
• Диабетті – жыныс жолы арқылы жұқтыру мүмкін емес.
• Тұқымқуалаушылық. Ата-аналарының біреуінде осы ауру болған жағдайда балаларында бірінші типтегі диабет 10%, екінші типтегі диабет 80% болуы мүмкін.
• Азық-түлікке тәтті тағамдарды көп пайдалану диабет туғызбайды.
Тамақ ішіп болған соң адамдарда қандағы қан деңгейі жоғарылайды. Бірақ диабетиктерде инсулиннің жетіспеушілігінен (диабеттің бірінші типі) немесе клеткалардың қабылдамауынан (екінші типтегі диабет) бұл қант клеткаларға барып түспейді. Қанда глюкоза көп, бірақ клеткалар аш қалып, жеткіліксіз тамақ туралы белгі жіберіп отыратын жағдайларда туындайды. Бұл белгілерге ағза бауырдағы қант қорларын жіберіп жатады. Бірақ ол да клеткаларға түспейді. Нәтижесінде ағза майларды жара бастайды. Жару нәтижесінде кетондық денелер пайда болады: ацетон, ацетальдегид, түрлі қышқылдар. Клеткілер көптен күткен энергияларын алады, бірақ қанда қышқылды баланс бұзылады. Соның салдарынан кетоцидоз (ағзаның қышқылдануы) пайда болады. Емделмеген жағдайда коматоздық жағдайға және өлімге алып келеді.
Қант диабеті жүрек ауруы қаупін орташа есеппен алғанда 3 рет, ал инсульт қаупін 5 рет жоғарылатады. Зат алмасудың бұзылуы арқасында жүрек тамыр қабырғалары қалыңдап, тығыздала бастайтын атеросклероз пайда болады. Қант диабеті кезінде есте сақтау және мидың басқада қызметтері бұзылады. Бұл дерт ер кісілердің де, әйелдердің де жыныстық өмір жағдайына кері әсер ететінін айта кету керек. 40 жастан асқан адамдардың бойында артық салмақ болып немесе туысқандарыңыздың ішінде диабетиктер болса, қандағы қант деңгейін жүйелі тексеріп тұру қажет.
Ал, екінші типтегі қант диабетінен қалай сақтану керек дегенге келер болсақ, дұрыс тамақтану. Майлы тамақты аз жеп, өсімдік талшықтарын көп пайдаланған жөн. Көмірсутегіне бай азықтарын көп пайдалану керек. Бұл – қанға глюкозаның жетуін бәсеңдетіп, холестериннің деңгейі төмендейді. Сондықтан ірі тартылған ұнның нанын, макарон өнімдерін, күріш, жемістер, сұлы, арпа, қырыққабат, қарақұмық, картоп жеген абзал. Қант пен тұзды аз тұтыну. Кішкентай жеген қанттың өзі қандағы қант деңгейін аспандатып жіберуі мүмкін. Ал тұзды тамақ тез қан қысымын көтеріп жібереді. Әр адам өз салмағын қалыпты ұстағаны жөн.
Ұсынылатын тағамдар:
Нан, тоқаш өнімдері: қара, кебек нан күніне 100-150 грамға дейін.
Ет, етті тағамдар: майлы емес сортты ет – жылқы, сиыр, бұзау, қозы еті, терісіз тауық еті, күркетауық, қоян еті.
Балық, балық тағамдары: майлы емес сортты балықтар – көксерке, хек, минтай, шортан, треска, камбала, алабұға, теңіз тағамдары, теңіз капустасы.
Көкөніс көжелер: борщ, қы¬зылша көжесі, жасыл щи, окрошка, вегетариан көжелері.
Жармалар: қарақұмық, сұлы, арпа, тары.
Көкөніс: қырыққабат, қияр, қызанақ, шалғам, кәдіш, кәді, асқабақ, болгар бұрышы, сәбіз, жуылғаннан кейінгі ашылған қырыққабат, саңырауқұлақ, соя тағамдары.
Жеміс-жидектер: алма, апельсин, мандарин, лимон, қарақат, тошала, алқоры, шие, черешния, қара өрік.
Сүт, сүтті тағамдар: айран, ұйыған сүт, 17 пайыз майлылыққа дейін ірімшік, 0-ден 5 пайызға дейін сүзбе, қымыз.
Сусындар: қара шай, қара шай сүтпен, көк шай, әлсіз кофе, минералды газсыз су, шырыннан – анар, қызанақ, шие, сәбіз шырыны.
Шектеліп пайдаланатын тағамд¬ар: ашымаған нан-лаваш, татымсыз тандыр нан. Ішек-қарын – бауыр, тіл (айына 1-2 реттен аспауы керек), диетикалық «доктор» шұжығы. Майлы балық, өз шырынындағы балық консервілер, қызанақ соусында. Ақ күріш, алмұрт, қауын, қарбыз, өрік, т.б.
Ұсынылмайтын тағамдар: Ашытқыш, май мен сүтке иленген, қатталған ұнды тағамдар – бәліштер, бүктемелер тоқаштар, торттар, бәліштік¬тер, кептірілген нандар. Шошқ¬а еті, майлы қой еті, үйрек, қаз, тоң май, сүрленген ет, ет консервілері, үй құсының терісі, майлы сортты балықтар, ысталған, тұзды балықтар, уылдырық, шымырлы етті, балық сорпалар, майлы көжелер, күріші бар көжелер, лапшалар, сүтті көжелер. Майлы және ащы салаттар, қуырылған картоп, фри, чипсылар, тұздалған, маринадталған көкөністер, жүзім, банан, мейіз, інжір, құрма, пісте, жаңғақ. Кілегей, майлы айран, майлы ірімшік, еріткен сүт, тәтті ақ ірімшік, маргарин, май алмастырушы, майонез, қант, бал, джем, кәмпиттер, шоколадты зефир, балмұздақ, пломбир, лимонад, фанта, кола, тәтті квас, сыра, сол сияқты алкогольді емес кисель.

КЕРЕК ДЕРЕК
Диабеттің I және II типтері болады:
I тип – иммунитеттің әлсіреу тұсында жұқпалы ауру мен есеңгіреу әсерімен болады;
Қант диабетінің II типі есейген жаста семіру және ауруға генетикалық беймділік нәтижесінде шығады. Бірақ бірыңғай жауапты дәрігерлердің өздері де бере алмай отыр. Сонымен бірге, қанттары жоғары (гиперкликемиясы бар) адамдар жиі гипокликемиядан (гипо) – кандағы қанттың нормасынан аздығынан азап шегеді.

БІЛЕСІЗ БЕ?
Қант диабетінің белгілері:
• шөлдеу (науқас тәулігіне 3-5 л, одан да көп су ішуі мүмкін);
• кіші дәретке жиі шығу (күндіз де, түнде де);
• ауыздың құрғауы;
• әлсіздік;
• тәбеттің күшті болуы;
• терінің қышуы (әйелдерде жыныс мүшелерінің жан-жағы);
• ұйқының қанбауы;
• ұйқыдан шаршап тұру;
• жараның ұзақ уақыт жазылмауы;
• тез салмақ тастау немесе тым көп салмақ қосу.

БІЛЕСІЗ БЕ?
Дені сау адамның қанында қант деңгейі 3,3-5,5 м моль/л. Осы көрсетілген деңгейден қанттың мөлшері көп ауытқыса, яки төмендесе, адам организмінің өмірлік қызметіне айтарлықтай нұқсан келеді. Яғни орталық нерв жүйесіне, мидың жұмысына, жүректің, көздің, бүйректің қан тамырларының қызметіне салмақ түседі.
Ерболат МҰСАТАЙ,
С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің
7 курс студенті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *