«ҚАНСОНАРДА» БҮРКІТШІ ШЫҚТЫ АҢҒА…

Газеттің өткен санында хабарлағанымыздай, Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында үш күн бойы өткен құсбегіліктен ІІ Ашық Азия чемпионаты

2 желтоқсанда түс ауа өз мәресіне жетті. Сөйтіп, 30 қараша күні туын көтерген бұл жарысқа әлемнің тоғыз мемлекетінен 71 құсбегі қатысып, бақ сынасты.

Құттыбек АЙМАХАН

Аңға құс салудан, яғни құсбегіліктен өткен ІІ Ашық Азия чемпио­наты­ның бүркіт­шілер бәсе­кесінде барлығы 71 бүр­кітші бақ сынады. Солар­дың арасында оның жар­тылай финалына  10  бүр­кітші суырылып шыққан бола­тын. Бұл ретте бүркітті қолға шақыру мен шырғаға түсіруде Алматы облы­сынан Әбен Дулат, Тастанбек Байрақ, Сейіт­жан Аян, Байетбай Өмір­хан,  Түркістан  облысы­нан – Аршабай Дәурен, Ал­маты қаласынан – Құрманғалиев Ақберен, Атырау облысынан – Қошқаров Арман, Слова­киядан – Қанат Ярослав, Шығыс Қазақстан облысы­нан – Нұрман Өмірбек және қырғызстандық Ис­маилов Аман үздік нәтиже көр­сетіп, ақтық сынға жолдама алған болатын.

Міне, жарыстың соңғы күні осы он бүркітшінің ішінен құстарын қоян мен түлкіге жаңылмай, дөп түсіре білген  мына төмен­дегі құсбегілер ІІ Ашық Азия чемпионатының жүлделі орындарын иеле­ніп, түрлі қаржылай сый­лықтармен марапат­талды. Сонымен, аталған бірін­ші­лік қорытындысы бойын­­­ша бүркіт салуда 1-орынды қырғызстандық Исмаилов Аман, 2-орынды ақмола­лық Тастанбек Байрақ ал жүлделі үшінші бәйгені Алматы қаласы атынан қатысқан бүркіт­шілер жеңіп алды.

Ал енді чемпионаттың соңғы күні бәсекеге түскен қаршыға, ителгі баптайтын 13 құсбегі арасынан Бабажан Берікболсын (1-орын), Махмутхан Заки (2-орын) және Сейітжан Бексұлтан (3-орын) секілді спортшылар жеңіске жетіп, ІІ Ашық Азия чемпио­натында мерейлері үстем болды. Ал енді ителгі салу­да қырғыз елінен келген Туголбой Абдуқадыров бірінші нәтижемен, алма­тылық Руслан Абдулов екінші көрсеткішпен және үшінші шеберлікпен жам­былдық Үсен Айбар бәрі­нен оқ бойы алда болды.

Әдеттегідей қызықты да тартысты өткен құсбегі­ліктен ІІ Ашық Азия чем­пионаты бұл жолы да жоғары дәрежеде қорытын­ды­ланды. Бұл жарыста, әсіресе, қырғыз құсбегілері өте жақсы нәтиже көрсетіп, қазақстандық құсбегілерді екінші орын иеленуіне мәжбүр етті.  Атап өтетіні, бұл бәсекеде бесінші орын алған құсбегілерге дейін сый-сияпатқа, яғни қар­жы­лай марапатқа ие болды.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *