«ҚАНАТТЫ АРЫСТАН» СЫР БОЙЫНДА

FlyArystan  Қызылорданы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларымен байланыстырады

 

Нұрлан СҮЙІН  

 FlyArystan жаңадан Алматы–Қызылорда–Алматы және Нұр-Сұлтан-Қызылорда–Нұр-Сұлтан бағыты бойынша орындалатын рейс­тердің билет сатылымын ашық деп жариялайды. Оңтүстік  астанадан/ға ұшақтар 2020 жылдың 16 наурызынан, ал елордамыз Нұр-Сұлтаннан/ға 20 наурыздан бастап қатынай бастайды.

Қызылорда шаһарына саяхаттау құны 6999 теңгеден басталады. Еліміздің екі бас қала­ларынан Сыр еліне жету уақыты небәрі бір жа­рым сағат шамасында болмақ. Жаңа бағыт­тардағы  билет  сатылымы үстіміздегі жылдың 25 қазанына дейін flyarystan.com сайтында ашық.

– Біз Қызылордадан/ға сапарлар халық арасында жоғары сұранысқа ие болатынына және оларды әлдеқайда мобильді болуына септігін тигізетініне кәміл сенеміз. FlyArystan-ның қолжетімді ұсыныстары жақын туысқан­дармен жиірек әрі оңай кездесуге, сонымен қатар қалалар арасында оңай қатынауға мүмкіндік бермек, – деп мәлімдеді FlyArystan-ның жоспарлау бойынша коммерциялық директоры Рафаэль Тайжанов.

Компания директоры саяхатты ертерек жоспарлап, 2020 жылдың көктем/қыс мезгілдерінде ұшуға мүмкіндік беретін арзан билеттерді қазірден бастап алуға кеңес береді. Себебі, ұшу күні жақындаған сайын арзан билеттердің саны азаяды.

Алғашқы отандық лоукостердің әуе флоты Aіrbus A320 ұшағымен көбейіп, бесеуге жетті. Бұл бұдан былай FlyArystan-ның бағдарлар кестесі кеңейе түседі деген сөз. Жаңа борт Алматы әуе бекетіндегі үшінші ұшақ. Қолда­нысқа наурызда қосылмақ. Ал сәуірде келетін тағы бір ұшақ Қарағанды әуе бекетінің бірінші борты болып, өзінің операциялық жұмысын Халықаралық Сары-арқа әуежайында бастайды.

«Қанатты Арыстан»  2022 жылға қарай парктегі әуе кемелері санын 15-дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеуді жоспарлап отыр. Kazakhstan Growth Forum 2019 тұжырымымен бірінші отандық лоукостер – «Fly Arystan» жыл мәмілесі атанып, «The Best Deal of the Year» номинациясын иемденді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *