Анам менің – аялаған ақ гүлім

Сәкен МАЙҒАЗИЕВ,

ҚР мәдениет қайраткері:

 

«Ананың ақ сүтін өтеуге ешбір сыйлықтың құны жетпейді-ау…»

– Бос уақыт бола қалғанда, әуежайда болсын, вокзалда болсын ұзак сапарға шыққанда анамды сағынып толғанатын сәттер көп. Әркім де өз анасын жақсы көреді ғой, мен үшін де анам — әлемдегі ең ғажап адам! Жаның жабырқағанда басыңнан сипаған ана алақанынан кейін бәрі өз орнына түсетіндей. Әрбір азамат анасының ақ сүтін ақтасам демей ме. Анаға қандай сыйлық жасасаң да артық емес, оның ақ сүтін өтеуге ешбір сыйлық­тың құны жетпейді-ау.

Анамның айтар әңгімесі көп, мақал-мәтелдеп сөйлегенде сөздің майын тамы­зады. Сол әңгімелерді қалай сағынбасқа?! Сондай сағынған кездерде ауылдан шақырып алып жатамыз. «Қара шаңы­рақ­тан ешқайда кетпеймін, сағынсаңдар келіп-кетіп тұрамын», — деп мәпелеп өсірген он бір баласының отбасын кезек­пен аралап жүреді. Кішкентай шағымызда үйде анам болмай қалған кездерде үй кәдімгідей қаңырап, жылуы кеткендей болатын да тұратын.  Әлі де солай. Анам мен Динара жоқ болса үйге сыймаймыз.

Алланың құдіретімен бізді өмірге әкелген аналарымыз аман болсын! Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін аналарымыздың жүзінен күлкі кетпесе екен!

Әлеуметтік желіден.

 

Ардақ НАЗАРОВ,

Ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы:

 

Ата-ананың қадірі

– Өмірде құрметтеуге тиіс екі адам бар. Олар біздің ата-анамыз. Тас емшегін жібітіп, тар құрсағын кеңіткен кім? Өмір мен өлімнің ортасында сені өмірге әкелген кім? Әрине, ол – сенің анаң. «Жаннат – ананың табанының астында» деген. Ал сенің ризығыңды іздеп, кейде, тіпті үйге қонбай «баламыз елдің соңында болмасын» деп, киіміңді бүтіндеп, тамағыңды тауып, нәпақаңды тасып, «мынау менің ұлым – азаматым, ізбаса­рым, ал мынау менің қызым – ертең өскенде текті қыз болады. Біздің әулетке ол ешқашан жаман ат әкелмейді. «Бәлен­шенің қызы ғой, әй, Алла разы болсын, өркенің өссін…» деп айтатын ұрпақ тәр­биелеуде әкең күндіз-түні жұмыста жүр. Міне, біз құрметтейтін екі адам. Әттең, бүгінде көпшілігіміз ата-анамыздың қаді­ріне жете алмай жүрміз… Хабарласпай­мыз, қалдарын білмейміз. Ата-анаңды үлде мен бүлдеге орау міндетті емес. Оларға сендердің «әкешім, анашым» деп бетінен сүйгендерің, құшақтағандарың керек. Сондықтан бүгін тірі тұрған кезде ата-аналарыңды сыйлаңдар, құрмет­теңдер. Күнде хабарласып, қалдарын біліп тұру ешқашан артықтық етпейді. Олар – біз құрметтеуге лайық жандар. Ал ата-анаға құрметің — ол сенің еліңе деген қызметің деген сөз.

 

Жастармен кездесуінен.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close