Аналарды құттықтады

Ана – өмірдің бастауы, ана – қорған, ана – жыр, ана – дастан. Сондықтан да аналар мейрамы халықаралық дәрежеде ерекше тойланады. Халықаралық әйелдер мейрамын Медеу ауданы да өз деңгейінде өткізді. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі мереке биылғы 100 жасаған қарт аналарды құттықтаумен ерекшеленді. Мысалы, 108-көктемін қарсы алып отырған Қалия Шалбаева апаны, 106 жасқа келіп, шөпше­­гінің қолынан су ішкен Әлімхан Смаққызын, 104 жастағы Күніш Хасан­қызын, 102 жас жасап, әлі де тың отырған Роза Тагирқызын, 100 жасында 3 рет қажылыққа барған Жезнай Бахраджие­ваны Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев бастаған топ 7 наурыз күні құттықтады. Оларға құттықтау хаттар, бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтарын  табыс еткен Ержан Жұматұлы мен әкімдік қызметкерлері ардақты аналардың алғыс­тары мен ақ баталарына бөленді.

 

Жұмагүл ӘМІРЕЕВА,

Медеу ауданы әкімдігінің қызметкері.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *