Аналарды ардақтаған азамат

Алатауда көктем мерекесіне дастархан жайды

Нұрлан СҮЙІН

 

Медет Азанбаев – Алатау ауданындағы «Құрылысшы—Түркістан» ықшамауданы «Жер­гілікті өзін-өзі басқару комитеті» төрағасы. Қарапайым тілмен айт­қанда, айлығы жоқ «ауыл әкімі». Осы азамат Алатау ауданы­ның аяққа тұруына бір кісідей атса­лысып жүр. Абыройлы азамат аудандағы әлеу­меттік отбасыла­рына көмек жасау, арда­гер­лерге құрмет көрсету, Нау­рыз, Жеңіс мерекесі сияқты мерекелерді өз ықшам­ауданына ұйымдастыру, т.б. жұмыс­тардың үнемі басында жүреді. «Кішкентай әкім» Медет Азанбаев биыл да алғашқы болып көктем мерекесіне ауданның ардагер аналарына кино ұйым­дас­тырып, дастархан жайып, мейрам жасады.

Аудандағы «Алатау» сауда орталығы­ның кинозалынан басталған іс-шара мейрамханада жайылған дастарханмен жалғасты. Ауданның бір топ ардагерлерінің басын қосқан азамат «бұл біздің ықшам­ауданның ақсақал жігіттерінің ұйымдас­тырғаны» деп қояды.

Айтқандай, «жалақысыз әкімнің» осынау іс-шараларды атқаруының мате­риал­дық шығыны кімнің есебінен деген сұрақ туындауы заңды. Медет бұған аудан­дағы жеке кәсіпкерлер Алмас Темірбеков, Ермек Төлемісов, «Алатау» СО кино­театрының директоры Айбек Айтбековтерді атап, азаматтарға алғыс білдіреді.

Көктемгі аналар мерекесін елдің алды болып атап өткен Медет Азанбаевқа аудан­ның ардагер аналары дән риза. Медетке қолдау көрсеткен «Құрылысшының» ақсақал-жігіттеріне де алғыс мол. Расында да Ақсақалдар алқасы төрағасы Жұмағазы Шыңғысбаев ақсақал бастаған «жігіттер» жағы Медетті ұдайы қолдап жүреді.

 

Қаным апа,

аудан тұрғыны:

– Медет баламызға мың да бір алғыс! Ол үнемі елдің алды болып, осындай іс-шаралар жасап, ауданда біздің абыройы­мызды асырып жүреді. Мысалға, біз соңғы рет кинотеатрға қашан барғанымызды ұмытып қалыппыз. Медет болса, осындай тосын сый жасап жатыр.

 

Тұрахан апа,

«Құрылысшы» ықшамауданы ардагерлер ұйымының төрайымы:

– Мен Медеттей ұл тәрбиелеген ата-анасына рахмет айтқым келеді. Біздің аудан­да оншақты «Жергілікті өзін-өзі басқару комитеті» бар. Біздің Медет үнемі солардың алды болып жүреді. Ықшамаудан тұрғындарының өз баласы боп кеткен. Бүгінгі бізге жасаған мерекесі үшін аудан аналары атынан шексіз алғыс айтамын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *