«АНАЛАР ҮЙІНІҢ» ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Ана мен баланың әлеуметтік жағдайын жақсартып, оларға барынша қолдау көрсету бүгінде басты назардағы мәселелердің бірі болып тұр.

Н.ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

Күні кеше ғана болып өткен қала басшы­сының қала тұрғындарымен болған есепті жиынында да ана мен баланың жағдайын жақсарту кеңінен сөз болып, оларға қамқорлық жасап, тиісті әлеуметтік көмектер көрсетілу үшін «Бақытты отбасы» жобасы қолға алынатыны айтылды. Осы жиында қала әкімі Бауыржан Байбек аналардың денсаулығын жақсарту ісіне, оларды тиісті медициналық көмекпен қам­тамасыз етуді де қаламыздың Денсаулық сақтау басқармасының басшысына тапсыр­ған болатын. Қала басшысының осы тапсырмасына жедел үн қосқан Нау­рызбай ауданына қарасты №36 емхананың дәрігерлері осы аудан аумағында орналас­қан «Аналар үйінде» болып, онда тұратын жас аналар мен олардың сәбилерінің ден­саулығын толық дәрігерлік тексеруден өткізді. «Аналар үйінің» аналары мен сәби­лерін терапевт, хирург, көз дәрігерлері, гине­колог, оторинолог және балалар дәрігері тексеріп, оларға жағдайларына байланысты дәрігерлік ақыл-кеңес берді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *