Аналар – асыл жандар

Халық қалаулысы Алтын құрсақты аналарымызды құттықтады

Ана – отбасы ұйытқысы, берекесі, тірегі, жүрегі. Ананың балаға деген мейірімі шексіз. Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры.

 

Әр әйел затына ана болу – үлкен бақыт. Ал «Алтын құрсақты ана» атану әрбірінің қолынан келе бермейді. Ол деген үлкен батырлық. Осындай аналарымызды назардан тыс қалдырмай, әрқашан көңіл бөлу әрбір азаматтың міндеті деп білем. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Алматы қалалық мәслихат депутаты, «Алматы ақшамы» газетінің Бас редакторы Қали Қошқарұлы СӘРСЕНБАЙ  ауданы­мыздың «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, редакция ұжымы­ның атынан дайындалған сый-сияпат­тарын табыстады. Өз кезегінде Алтын құрсақты ана­ларымыз ізгі тілектерін білдіріп, рахметін айтты.

 

Қордай ЕСЕНБАЙ,

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының қызметкері.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close