Қанағатшыл Герағаң

%d0%b1%d0%b5%d0%bb%d1%8c%d0%b3%d0%b5%d1%80

«Бүгін мені Болат Әбіловтің бір әрекеті таңқал­дырды: «Тар­лан» сыйлығын табыс ететін кешке шақы­рып, оны ма­ған беруді ұйғар­ғандарын жет­кізді. Мен аң-таң қалдым. 

– Сендер маған «Тарланды» берген жоқсыңдар ма? «Қосқан үлесі үшін» номинациясын…

– Онда тұрған не бар? – деді Бөкең. – Енді ең басты сыйлығын табыс ете­міз. Екі мәрте Совет Одағының Батыр­лары бола береді емес пе? («Тар­лан­ның» бас­ты сыйлығына ол жылдары Алматының қақ ортасынан үш бөлмелі пәтер сатып алуға болатын. – А.К).

– Жоқ, Бөке. – дедім мен үзілді-кесілді қарсылық білдіріп. – Бұлай істеуге болмайды! Түрлі алып-қашпа әңгімелер туады. Сыйлық өзінің мән-мағынасын жоғалтады.

– Бірақ, біз шешімді қабылдап қойдық  қой.

– Шешімдеріңді өзгертуге тура келеді. Мен сендердің шақырған кештеріңе бара да алмаймын. Жақында ғана инфаркт алдым.

– Қалай?

– Солай.

– Жарты сағатқа болса да келіп кетіңізші.

– Жоқ, жоқ.

– Онда, жұбайыңыз келсін.

– Жоқ, жандарым. Әйелім де бар­майды. Егер «Тарлан» сыйлығын бер­сеңіздер, мен одан бас тартуға мәжбүр боламын.

– Сіздің айтқаныңыздан қайтпай­тын адам екеніңізді білеміз. Дегенмен…

– Жо-жоқ. Енді бұл туралы аузың­ды да ашпа.

Болаттың көндіруге тырысқанына қарамастан, мен бір сыйлықты бір адамға екі мәрте беруге болмайтынына оның көзін жеткіздім.

– Пәлеге қаласыңдар.

– Онда кімді ұсынасыз?

– Айталық, Иран-Ғайыпқа, Темір­ханға беруге болады. Тынымбай да бұл сыйлықты алуға әбден лайық»  (Г.Бель­гер «Тень дней минувших» («Өткен күннің елесі», 550-бет).

 

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ.

(Фейсбук парақшасынан).

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *