Амантай қажы ауызашар берді

Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

 

Рухани жаңғыру, бейбіт еңбек, иманды мемлекет «Аттан» қоғамдық шеруінің жетекшісі Амантай қажы Асылбектің ұранына айналған. Амантай қажы 7 баласы, 12 немеренің, барлығы 21 адамнан тұратын отбасы бола тұра, жарты ғасырдай тұрғын үйдің ең төменгі қабатында тұрса да, елдегі зағиптарға көмектесуді ешқашан ұмытқан емес. Семей сынақ аймағынан зардап шеккен зағиптарға қолұшын беру оның қасиетті парызына айналған. Рақымшылық жолын Алланың алдындағы парызы санайтын Амантай қажы кеше Рамазанның қасиетті Ораза айының құрметіне ауызашар берді.

– Адамдар үшін өзінің өзгелер алдын­дағы абыройы өте маңызды. Сондықтан бұл қасиетті айда адамдар жақсылық жасауға тырысады. Қасиетті Рамазан айында бір ғана ішіп-жеуден тыйылу басты парыз емес. Бойында Рахман мен Раһим сипат­тары бар барша адамзат баласын қайырым­дылық пен мейірімділікке, тұтастыққа, бірлікке шақыру парыз. Бүгінде әлемде мұсылмандардың қатары көбейе түскен сайын, отыз күнге созылатын қасиетті айдың мән-мағынасын түсінуге ұмтылу­шылар қатары да артып келеді. Барша адам­зат қоғамы исламның бірлікке шақы­рып, араларында бауырмалдыққа насихат­тайтынына түсіністікпен қарауда.

«Рамазан айында ораза ұстау – әрбір мұсылманға парыз. Ораза мұсылманның тақуалығын күшейтеді, әрі ол үшін Алла ұлы сый береді» депті Алланың елшісі Мұхаммед (с.а.с). Сол іспетті Алланың алдындағы сауапты істеріңіз мол болсын! – деді Амантай қажы Асылбек ауызашар шарасының қорытындысында.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *