«ҚАМҚОРЛЫҚ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Жылдағы игі дәстүрмен әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Әуезов ауданындағы №158 жалпы білім беретін мектепте 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында республикалық «Қамқорлық» акциясы басталды. Акция барысында айлық жұмыс жоспары құрылып, оны мектеп басшысы бекітті. Осыған орай, мектеп педагогикалық ұжымы, ата-аналар және мектеп оқушылары күш біріктіріп, республикалық «Қамқорлық» акциясын өткізуге қызу қолдау көрсетті.

Айлық ішінде девиантты мінез-құлық­ты балаларды есепке алу мен олардың іс-әрекетін бақылау, олардың жүріс-тұрысын одан әрі түзету үшін және материалдық көмекке мұқ­таж балаларды анықтау үшін рейд жүргізілді. Мектепте акция бұрышы жасалынып, барлық акция қатысушылары туралы пайдалы ақпарат пен фотосуреттер ілінді. Мектептің 1–11-сыныбында «Әдеп­тілік – тәрбиенің бас­тауы» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар «Қам­қорлық» акциясы іс-шараларының өткізілу барысында игі істерімен белсенділік таныта білді.  Акция аясында ата-аналар мен мектеп мұғалімдері 60000 теңге көле­мін­де аз қамтылған отбасын­дағы оқу­шыларға киімдермен, оқу құрал- жабдық­тарымен көмек көрсетті.

Мектеп оқушылары мейірімділік акция­сын өткізуге құлшыныс танытып, қайырым­дылық кеш ұйымдастыруда. Кеш­тің негізгі мақсаты – қамқорсызға қамқор бола отырып, жас ұрпақ­тың бойына адам­гершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымды­лық сияқты асыл қасиеттерді дарыту.

Болашағымыз жарқын болуы үшін бір-бірімізге қолдан келер қамқорлығы­мызды аямалық!

Гүлнар РАХМЕТОВА,

директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары;

Гүлмира СҮЛЕЙМЕНОВА,

әлеуметтік педагог.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *