ҚАМҚОР БОЛАЙЫҚ

Мемлекет басшысының мектеп жасындағы бала­ларды оқумен толық қамту туралы тапсырмасын іске асы­ру мақ­сатында жыл сайын 10 қаңтар мен 10 ақ­пан аралығында жалпы оқу және «Қамқорлық»  қайы­рымдылық акциясы бойынша айлық өткізіледі. 

Осы акцияның мақсаты  –  аз қамтылған отбасы мүшелеріне, қамқорлыққа алынған оқушыларға әлеуметтік көмек көрсету, қолдау.  Жетісу ауданында орналасқан №148 мектеп-гимназиясында да көмекке мұқтаж балалармен жұмыс жақсы жолға қойылған. Қайырымдылық – сүйіспеншілік пен ізгіліктің анық көрінісі болып табылатын адамның асыл қасиет­терінің бірі. «Жанашыр­лыққа  жан риза» дегендей қамқор­лыққа алынған балаларға мектеп  ұжымы  ұйымшылдықпен  атсалы­суда. Акция барысында мектебіміздің жоғарғы сынып оқушыларынан құрылған «Өзін-өзі басқару»  ұйы­мы­ның оқушылары өздерінің дайын­да­ған бұйымдарынан  жәр­меңке ұйым­дастырып, жәрмеңке­ден түскен қаржы­ға  аз қамтылған отбасының мүшелері ағайынды екі ұл балаға жаңа мектеп формасын алып берді. 5 «г» сыныбының ата-аналары мен сынып жетекшісі Гүлнұр Сагимова аз қам­тыл­ған  отбасының мүшесіне жаңа мектеп формасын, спорттық киім алып берді.  Бұл ретте мектеп ұжымы мек­тебіміздің аурушаң, мүмкіндігі шектеулі оқушыға қаржылай көмек көрсетті. Бүгінгі таңда  жо­марттылы­ғымен көмек көрсеткен мектеп асханасының арендаторы  ЖШС  «КазФуд  Алматы»  дирек­торы Ж.Ка­зиева  мектептің тұр­мыс жағ­дайы төмен,  аз қамтыл­ған 5 оқу­­шыға спорттық костюм, спорт­­тық аяқ киіммен қамтамасыз етті.

«Қайырымдылық жасасаң, қа­йы­рымын өзің көресің» деген  екен дана халық.  Қамқорлықты қажет ететін жандарға аялы ала­қа­нын тосып, жүрек жылуын ұсы­ну, қолұшын беру арқылы адам ба­ласы жақсылыққа қадам бастай­ды.

 

Гүлжан  ЛЕСБЕКҚЫЗЫ,

№148 мектеп-гимназияның әлеуметтік  педагогі.

 

Жүрек жылуы

2019 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан ара­лы­ғында дәстүрлі республикалық «Қамқор­лық» акциясы өткізіліп жатыр.

«Қамқорлық» акциясының негізгі  мақсаты:  аз қамтылған отбасынан  шыққан оқушыларға  және қам­қорлықсыз қалған, басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау,  0–18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту жұмыстарын   ұйымдастыру.

Қамқорлық жасау – халқы­мыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі болып саналады. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, әлеуметтік жағдайы төмен, жетім, қамқорлыққа алынған балаларды  жанашыры,  қамқоршысы  болып  жүрек жылуын ұсынуы, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның міндеті деп білемін.

Мектебімізде «Қамқорлық» акция­сын өткізу туралы бұйрық шыға­рып, жоспар құрылып, осы мақсатта акция­ны ұйымдастыру құрамы бекітілді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отба­сы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырым­дылық жасап,  бала­лар­ды жаппай оқумен қамту және әлеуметтік көмек­пен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясы­ның мектеп ұжымы және ата-аналар белсене атсалысып, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға және  ата-анасының қамқор­лығынсыз қалған балаларға көмектер  көрсетілді. Жоғарыда аталған отбасы балалары­на мектеп формасын, қыстық куртка, жеңіл күртешелер  берілді.  Жалпы, оқу қорынан 78 оқушы асханадан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. «Мейірімді жүрек»  сурет көрмесі ұйымдастырылды. Сыныптан жүйрік оқушылар шығып, өте жоғары деңгейдегі суреттер салып, оларға арнайы мақтау қағаздары берілді.  Әлеуметтік жағдайы төмен отба­сылармен  көмек көрсету  мақса­тында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың ата-аналармен әңгімелер  жүргізілді.

Сынып сағаттары «Адамгер­шілік» 1–4-сыныптар «Жан-жылуы» 5–8-сыныптарға «Қайырымды жан» 9–11-сыныптарға  арнайы тақырып­тар  бекітілді. Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерін дамы­туға  байланысты  адам өмірінің ең игі істерінің бірі – мұқтаж жан­дарға қам­қорлық жасау, бір-біріне қайы­рымдылық, мейірімділік таныту. Қамқорлықты қажет ететін жандарға әрқашанда қол ұшын беру  әр адам­ның азаматтық парызы деп білемін.

М.МАНАП,

А.Байтұрсынов атындағы

№139 мектеп-гимназиясының

әлеуметтік педагогі.

 

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА АСЫҒАЙЫҚ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің  2019 жылдың қаңтар–мамыр аралы­ғында «Қазақстан – мейірімділік мекені» рес­публикалық балалар бастамасы аясында іс-шаралар өтіп жатқаны мәлім. Сондай бастаманы  жалғастырып отырған   Алмалы ауда­нына қарасты №147 гимназия­дағы  жалпы республикалық «Қам­қорлық» акция­сы.  Бұл игілікті іс-шараға мекеме басшысы Роза Әшімбекқызынан бастап, мектеп ұстаздары мен ата-аналар ұйым­шылдықпен қамқорлық көрсетіп, акцияға атсалысуда. Гимназия­мызда аз қамтылған,  көпба­лалы,  жал­ғызбасты отбасынан шыққан балалар білім алуда. Жыл сайын осындай акциялар кезінде көмектер көрсетіп отыру жылдағы дәстүрге айналған үрдіс. «Берсең, балаға бер» дегендей, балаларға өз көмектерін көрсетіп отырған игі жақсы адамдар баршы­лық. Осындай акцияларды өткізу арқылы оқушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға аз да болса үлес қосып, білім алу­ларына қызы­ғушылықтарын арттырамыз деген ойдамыз.

Айман  НҰРҒОЖАНОВА.

директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары

Жәйна  ОСПАНОВА,

әлеуметтік  педагог.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *