АЛЫСТЫ ЖАҚЫН, ЖАҚЫНДЫ БАУЫР ЕТІП ЖҮРЕТІН МӘРИЯШ ЕДІ

Қарағанды облысының  Шет ауда­нында дүниеге келген Мәрияш  Сағын­тайқызы биылғы жылдың 27 наурызында  фәниден бақи өмірге аттанды.  Өмірге келген адамның өмірден қайтуы тағдыр­дың адамза­т пешенесіне жазған  бұлтартпас заңы.  Деген­мен, жаныңда жүрген жақсыларды қара жердің қойны­на қию  қандай қиын. Мәрияш Сағынтай­қызы жаны жайсаң, бауырмал, төрде отырып төрелік айтатын, бағдаршамдай бағыт беретін аяулы жан еді. Барлық туыстарымен араласып, алысты жақын, жақынды бауыр еткен  жүрегінің түкпіріне иман нұры ұялаған  адам  болатын. Бала-шағаларын да иманды, өнегелі өмір үлгісімен тәрбиеледі. Мәрияш жанашыры жоқ адам көрсе соны қамқорлап, қол­ұшын беріп, көмек­тесуге асығатын. Жаратқан қалайтын  көркем мінезді бойына барынша дарытқан Мәрияштың шапағаты тимеген  туыстары,  жекжат-жұрағаты, дос-жарандары кемде-кем шығар. Төңірегіндегі адам­дарға өзі қандай құрметпен қараса, жанын­дағы­лар да Мәрияш Сағынтайқызына  сондай құрметпен қарайтын.  Амал не, сондай жақсы адамнан, қамқор анадан, бауыр­мал туыстан, дархан пейіл жекжаттан айырылдық. Жұмыр жердің бетінде жұмылмайтын көз, озбайтын өмір жоқ. Алланың жазғанына пенденің көнбеске амалы бар ма?!  Мәрияш Сағынтай­қызы­ның  мәңгілік өмірі жұмақтың төрінде болып, иманы жолдас, алды пейіш, арты кеніш  болсын.

Марқұмның  қырқы 2019 жылдың 3 мамырында топырақ бұйырған туған жерінде  өткізіледі.

 Еске алушылар – құдағиы Жолдықыз Мырқасымқызы,  құда баласы Саин Мырқасымұлы, Айжан, Күлпаш Құдышева, Алтай Жұмақанұлы, Алмас Алтайұлы, Гүлмира  Жұмақанқызы, Гүлнара және жерлестері, туған-туыстары.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *