Бақытжан Сағынтаев: Алыпсатарлар жазаланады

Құрметті алматылықтар!
Бірқатар дәріханаларда кезек көбейіп, жұрт арасында дүрлігу байқалды. Осы жәйтке түсініктеме бере кетсем деймін.

Сұранысқа ие препараттарға деген қажеттілікті тұрақтандыру үшін 1 шілдеден бастап дәріханаларға 475 мың дана әлеуметтік маңызы бар препараттар, соның ішінде 260 мың парацетамол, 98 мың аспирин, 35 мың ингавирин, 22 мың азитромицин, 15 мың кардиомагнил және басқа да дәрі-дәрмектер түсті. Сондай-ақ дәріханаларға 30 мың термометр қойылды.

Қоймаларда әлеуметтік маңызы бар 645 мың дәрі-дәрмек, соның ішінде 301 мың аспирин, 84 мың кардиомагнил, 73 мың парацетамол, 42 мың ибупрофен, 26 мың амоксиклав және басқа да дәрі-дәрмектер бар.

Күн сайын қаладағы 105 дәріханаға дәрі-дәрмектер жөнелтіледі. Бірақ олар тез сатылып кетуде. Десе де, іркіліс болмайды. Шілде айының соңына дейін 1,2 млн. аспирин, 930 мың парацетамол, ибупрофеннің 350 мыңы, ингавириннің 100 мың қаптамасы, 80 мың азитромицин, 40 мың тамифлю және басқа да әлеуметтік маңызы бар дәрілер жеткізіледі.

Қаланың дәрі-дәрмек нарығында дүрбелеңге жол жоқ. Жағдай бақылауда. Құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Алыпсатарлар жазаланады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *