Алып көршi араласуға ниеттi

2Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай басшысы Си Цзиньпин Алматыға келiп кеттi.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннiң Қазақстанға Қытай басшысы ретiндегi алғашқы ресми сапары. Қытай бас­шысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бiрге бiрқатар iс-шараларға қатысып, мемлекетаралық келiсiмдер жасады.

Қазақстан Президентi Н.Назарбаев пен ҚХР төр­ағасы Си Цзиньпин Қазақстан – Қытай iскерлiк кеңе­сiнiң отырысына қатысты.

Қатысушыларға арналған сөзiнде Елбасы Қазақстан Қытайды сенiмдi серiктес және тату көршi ретiнде жоғары бағалайтынын атап өттi.

– Дипломатиялық қатынастар орнаған кезден бастап бiздiң елдерiмiз екiжақты экономикалық ынтымақтас­тықта айтарлықтай нәтижеге қол жеткiздi. Өткен жылы өзара сауда көлемi 24 млрд. теңге болды… – дедi Елбасы.

ҚХР төрағасы қатысушыларды Қазақстан – Қытай iскерлiк кеңесiнiң ашылуымен құттықтап, екi елдiң түрлi саладағы ынтымақтастықтығы бұрын қол жетпеген биiктiкке көтерiлгенiн атап өттi. Iскерлiк кеңес отырысы барысында экономикалық және инвестициялық байла­ныстарды тереңдетуге бағытталған бiрқатар екiжақты құжаттарға қол қойылды.

Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев және Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Алматы қаласына атбасын бұрды. Мемлекет басшылары Алматы сапарында қала әкiмi Ахметжан Есiмовтiң бас­тауымен бiрқатар нысандарды аралап, қала архитек­турасымен танысты.

«Ақшам ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *