Ғалымдар шайдың ешкім күтпеген пайдасын анықтады

Бұл зерттеу жұмысына жүз мыңнан аса адам қатысқан. Осы орайда, қытайлық ғалымдар пациенттерді жеті жыл бойы бақылаған екен. Негізі, шайды күнде ішу – атеросклероз бен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға септігін тигізетін көрінеді. Сондай-ақ, ол өмір сүру ұзақтығын арттырады екен. Бұл туралы қытай ғалымдарының зерттеулерінде айтылыпты.

Зерттеу 1998 жылы басталған Chіna-PAR (Predіctіon for atherosclerotіc cardіovascular dіsease rіsk іn Chіna) жобасы аясында жүргізілген. Оның негізгі мақсаты – жүрек-қан тамырлары ауруларының даму тәуекелдерін зерделеу болыпты.

Осыған орай, мамандар халық ара­сында шайға қатысты сауалнама жүр­гізген. Сондай-ақ, дәрігерге қаралушы­лардың ауру тарихы мен өлімі туралы куәліктерін де зерттеген. Осындай зерттеу жұмысына барлығы 100 мыңнан астам адам қатысты. Ғалымдар пациенттерді 7,3 жыл бойы бақылаған. Нәтижесінде шайды жақсы көретіндер бұл сусынды мүлде ішпегендерге қарағанда, атероск­лероз және жүрек-қан тамырлары ауру­ларына орта есеппен 1,41 жылға дейін кешігіп шалдыққаны анықталған екен.

Бұдан бөлек, шайды үнемі ішкен 50 жастан асқан адамдар, сирек ішкен­дермен салыс­тырғанда, орта есеппен 1,26 жылға ұзартатын көрінеді.

 

Дайындаған – Қ.АЙМАХАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *