ҒАЛЫМ АТЫНДАҒЫ ШӘКІРТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Орталық ғылыми кітапхананың конференц-залында ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымының докторы, профессор М.Асылбековтің 90 жыл­дығына арналған «Қазақстан тарихындағы тұлға­тану мәселелері: Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асыл­беков» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республика­сының Ұлттық Ғылым академиясы, ҚР БҒМ ҒК Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым Ордасы» ұйымдастырды. Ш.Уә­лиханов атындағы Тарих және этнология институтында М.-А.Х.Асыл­беков атын­дағы кабинеттің салтанатты ашылу рәсімі болды. Конференцияға белгілі академиктер, отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекет және қоғам қайрат­керлері, жоғары оқу орындарының рек­торлары, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, ғалымның шәкірттері және туыстары, БАҚ өкілдері, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Мәлік-Айдар Асылбеков сан қилы өмір белестерінен өткен. Оның еңбек жолы қарапайым жетіжылдық мектеп оқытушы­сынан басталып, ҚР ҰҒА академигі атты ең жоғары ғылыми мәртебесіне дейін жетті. Ғылыми-шығармашылық өмірін қазақ халқы тарихының әр түрлі мәселелерін зерттеуге арнады. Еңбектерінің негізгі бөлігі тарихи демографиялық тақы­рыптарға, Қазақстанның индустриалды дамуы мен тұлғатану мәселелеріне арналды.

Конференцияға қатысушы ғалым-академиктер, жоғары оқу орындарының ұстаздары және шәкірттері М.-А.Х.Асыл­бе­ковтің ғылыми мұрасы, оның Қазақстан ғылымының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі туралы айтты. Шара соңында өскелең ұрпақты ғылымға, білімге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ғалым атындағы стипендия тағайындалып, ол институттың жас ғалымына берілді. Кешкілік ғалымның отбасы конференцияға қатысушыларға арнап, ауызашар берді.

 

Азат ҮСЕН. 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *